Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2049 0 пікір 23 Маусым, 2009 сағат 08:41

2008 жылы Ұлттық қорға мұнай секторынан 1,7 трлн теңгеден аса қаржы түсті

Астана. 23 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның Ұлттық қорына 2008 жылы 1 трлн 718 млрд 764  млн 804 мың теңге түсті, оның 1,7 трлн теңгеден астамын мұнай секторы компанияларынан түскен тікелей салықтар құрап отыр, ал ауыл шаруашылық мақсатындағы жер телімдерін сатудан түсімдер –1,6 млрд теңгегу жуық.

2008 жылдың қорытындысы бойынша қордың қаржысын қалыптастыру және пайдалану туралы есепте осындай мәліметтер келтірілген. Құжат сейсенбі күні ресми баспасөзде жарық көрді.

Биылғы жылы Ұлттық қорға түсімдер Brent қоспалы мұнайдың орташа жылдық бағасы баррелі үшін  $40 деп есептегенде, 1,2 трлн теңге көлемінде күтіліп отыр.

Есептегі мәлімет бойынша, қордың активтерін сеніп басқарудың қорытындысы бойынша шығын өткен жылдың соңында 66,2 млрд теңгені құрады. Сыртқы аудитті басқаруға және өткізуге 2,674 млрд теңге бағытталды.

2008 жылы Ұлттық қордың кірісі теріс болды - минус 2,28%. Ал қордың қызмет еткен барлық жылдардағы жинақталған кірісі өткен жылдың қорытындысы бойынша 44,43% құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт түрінде 461,4 млрд теңге, ал «Самұрық-Қазына» мемхолдингін қорландыруға 607,5 млрд теңге бағытталды.

Ұлттық қор 2000 жылы Норвегиядағы осындай қордың үлгісі бойынша құрылды. Онда елдің шикізат секторынан кірістер жинақталады. Қор қаржы министрлігінің Қазақстанның Ұлттық банкіндегі есепшоты түрінде бар және оны Ұлттық банк басқарады.

1 маусымда қордың активтері мамыр айының басындағы жағдаймен салыстырғанда 2,97%  артып, $23,1 млрд құрады. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, қордың активтері 15,86% қысқарды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499