Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 3447 12 пікір 4 Наурыз, 2020 сағат 10:57

Қазақ халқы - өз жеріндегі әрбір халықты құрметтей біледі

Құрметті қазақ халқы!

Көктемнің бірінші күні мен үшін өте маңызды күн! Алғыс Айту Күні! Осыған орай, қазақ халқына корей халқының атынан шын жүректен айтар алғысым шексіз.

Біздің ата-бабаларымыз 1937 жылы депортацияға ұшырап, Қазақ жеріне еріксіз келіп түскенде, қазақтар олармен соңғы нанымен бөлісіп, ажалдан құтқарып, көмек бергені үшін корей халқынан алғыс білдіремін. Сол кезде қазақ халқы ата-бабаларымызға қол ұшын бермегенде, мен де бұл дүниеге келмес едім және осы алғысымды дәл қазір жазып отырмас едім. Қазақ жері корейлер үшін киелі әрі қасиетті жер болып табылады.

Мен Өзбекстанда туғанмын. Менің Отаным, туған жерім - Өзбекстан. Мен Қазақстанға ата-анамның шақыруымен келіп, қазақ тілін білуге деген қызығушылығым артып, бар ынтаммен оқып үйрене бастадым. Маған тек қана тіл емес, жалпы қазақ халқының өзі, салт-дәстүрі ұнай бастады, мақалдарын түсіне бастадым. Содан өзіме: "Неге мен қазақ тілін дамыту үшін осынша жанымды беріп жұмыс жасап жатырмын?"- деп сұрақ қойдым. Сол сұрағыма өзім жауап тапқан сияқтымын.

Менің ойымша, Алла тағала мені Қазақстанға ата-бабаларымның атынан алғыс айту үшін жіберген сияқты. Сол қиын кезде менің ата-бабама көмек берген қазақ халқына деген құрметімді әрқашанда алға қоямын.

Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі бұл осы жерде тұрып жатқан әрбір халықты құрметтей біледі. Мысалы, біздер,корей халқы туралы үнемі “еңбеккор “деп атайды. Бұл бізді жоғары бағалай білгені деп есептеп, әрі қарай Қазақ жері үшін, оның жан-жақты дамуына жан аямай, еңбек етуге дайынмын.

Сондықтан өз басым қазір қазақ тілін дамытуда жұмыс істей бастадым. Ал менің мақсатым және арманым Қазақстандағы барлық адамдардың қазақша еркін сөйлей білуі.

Владислав Теннің әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572