Үш қыз - Қазақстанның ең ықпалды әйелдері
GR ConcuLting Croup-тың стратегия және сараптама бойынша атқарушы директоры Ербол Еділов Қазақстандағы ең ықпалды 50 әйелдің тізімін жариялады.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, алғашқы үштікті экс-президенттің қыздары Дариға, Динара, Әлия Назарбаевалар бастап тұр.
Сонымен:
1. Дариға Назарбаева - ҚР Парламент сенатаның спикері.
2. Динара Құлыбаева - байлығы бойынша Forbes рейтингіне енген Орталық Азиядағы жалғыз әйел. Ол АҚШ президент Дональд Трамппен бірге 715 орынға ие болған. 2019 жылы Қазақстанда ең бай үш адамның қатарына енді. Құлыбаеваның байлығы 3 млрд. 100 млн. АҚШ долларын құрайды.
3. Әлия Назарбаева - Кино саласындағы еңбегі үшін Қазақстандағы ең жоғарғы атақтың бірі Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. Сондай-ақ, Қазақстандағы табысты кәсіпкерлердің бірі.
Бұдан әрі қарайғы тізім былай жалғасады:
4. Үміт Шаяхметова - Қазақстан Халық банкі басқармасының төрайымы. Танымал қаржыгер,
5. Аида Балаева - ҚР Президентінің көмекшісі,
6. Наталья Годунова - ҚР Есеп комитетінің төрайымы,
7. Анар Жайылғанова - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы,
8. Гүлшара Әбдіхалықова - ҚР Мәжіліс депутаты,
9. Ақтоты Райымқұлова - ҚР Мәдениет және спорт министрі,
10. Мадина Әбілқасымова - Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі,
11. Гүлмира Исимбаева - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары,
12. Аружан Саин - қайырымдылық қорының директоры,
13. Гүлнар Сәрсенова - кино-продюссер, сценарист,
14. Жанар Айтжанова - Бұрынғы Экономикалық интеграция министрі. Мемлекет қайраткері,
15. Ләззат Танысбай - Қазақстан РТРК төрайымы,
16. Айман Мұсаходжаева - Скрипкашы. Профессор,
17. Бірғаным Әйтімова - Сенат депутаты, Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары,
18. Зағипа Балиева - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
19. Әлия Ракишева - ҚР Президентінің кеңесшісі,
20. Күләш Шәмшиддинова - Бұрынғы Білім және ғылым министрі,
21. Әсел Тасмағамбетова - «Сәби» қорының негізін қалаушы,
22. Малика Бектұрова - Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары,
23. Гүлнар Ықсанова - Бұрынғы Мәжіліс депутаты,
24. Сәуле Айтпаева - ҚР Сенат депутаты,
25. Айман Омарова - заңгер,
26. Ләззат Рамазанова - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары,
27. Гүлжан Қарағұсова - ҚР мәжіліс депутаты,
28. Тамара Дүйсенова - «
29. Жұлдыз Омарбекова - ҚР Мәжіліс депутаты,
30. Нұргүл Мауберлинова - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі,
31. Тоғжан Қожалиева - "Хақ" партиясының жетекшісі
32. Ләззат Сүлеймен - ҚР Парламент Сенатының депутаты
33. Ләззат Ибрагимова - "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" төрайымы
34. Айгүл Шаимова - ҚР ұлттық экономика вице-министрі
35. Динара Закиева - Балалар құқығын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары,
36. Гүлнар Досаева - "Дара" Қайырымдылық Қорының құрылтайшысы,
37. Айдан Сүйлеменова - "Аяла" қайырымдылық қорының құрылтайшысы,
38. Алина Алдамберген - KASE қосымшасының басқарма төрайымы,
39. Бибігүл Асылова - ҚР білім және ғылым вице-министрі,
40. Баян Мақсатқызы - продюсер,
41. Жаннат Сатубалдина - Халық банкінің басқарма төрайымының орынбасары,
42. Мейрамгүл Дүзбаева - «ҚТЖ» ҰК »АҚ даму жөніндегі басқарушы директоры,
43. Гүлнар Бажкенова - Hola News сайтының бас редакторы,
44. Динара Сәтжан - Кәсіпкер,
45. Айнұр Мәми - Қазақстан Жоғарғы Соты төрағасының Қайрат Мәмидің үлкен қызы, кәсіпкер,
46. Айзада Құрманова - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,
47. Раушан Қажыбаева - «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» ҰАО Бас директоры,
48. Айгүл Соловьева - Қоғам қайраткері, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі,
49. Жанар Бекбанова - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты,
50. Жанна Ақжанова - Тұңғыш Президент қорының жетекшісі.
Abai.kz