Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ақмылтық 4521 4 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 12:25

Түркі және қазақ жастарының міндеттері

Үшінші мыңжылдықтың басында түркі* халықтары азатық алып, тәуелсіз болу және дербес мемлекет құру жолында күрделі күрес жүргізуде. Бұл жолда жеңіске жетуде қуатты, жігерлі, интеллектуальды және патриот жастардың рөлі зор болмақ.

«Түркі*» термині- («Түркі-стан» барлық түркі халықтарына ортақ), «Түрік» - Осман яғни Түркия Республикасының түріктері, «Түрк»- Қағанаттар кезіндегі (ол кезде «і» әрпі болмады) түркілердің атауы.

«Түркі» сөзін ғалымдар «тұр» - сөзге берік, тәртіпті әскер немесе шымыр, қуатты, батыр... адам. Түркі тілі финно-угор, мадьяр-венгр, монғұл, манжур, корей және жапондармен қатар орал-алтай тілдер тобына жатады.

Көне халықтардың қатарына жаатаын түркілер (ғұн, сақ, кедер, қыпшақ...) Нұх пайғамбардың баласы Иафеттің ұрпағы (Көне Інжіл, Геродот). Кейбір ғалымдар осыға дейін болған нәсілдер мен тайпалар (атланттар, лемурлар, амазонкалар...) көне түркі тілінде сөйлеген дейді (проф. Денисов т.б.).

Түркілер әлем өркениетіне қандай үлес қосты:

Балқан мен Байкалдың арасындағы тау шатқалдары түркі руникасымен толы және Күлтегін мен Тоныкөктің аңғар тастарында «Жаратқан Тәңір жер бетінде тәртіп орнатып, бағынбаған тайпаларды тыныштандыру үшін түркілерді жаратты...» делінген (м.Қашқари, Қ. Сартқожа);

- Түркілер Еуропада Атилла құрған ғұндардың (б.д. V ғ.), Ұлы түрк қағанаттары, Алтын Орда т.б. мемлекеттерде өздерінің әділ, басқа халықтардың тілдері, дәстүрлері мен діндеріне сыйластықпен қарайтындарын көрсетті (Р. Груссе, Е. Омаров);

- «Бретоннан» бастап англиядағы 326 топонимдер мен елді мекен, қала аттарының түбірі түркіше және көне Египеттегі бас құдай- Осирис («Osiris»-қаз.- өсіру), Шумерде ( Ор, Самара... қала аттары), Микен т.б. көне өркениеттердегі негізгі тіл (жергілікті тілмен қатар) көне түркінікі болды. Түркінің тілі- мәңгі тіл;

- Соңғы 34 мың жылда түркілер Азиядан америка құрлығына, одан әрмен Пасхи, Полинезия аралдарына көшті және ол құрлықтарда Инк, Мая және Ацтек өркениеттерін құрды. Перудің астанасы Қарақас, Suiesi (немесе Виктория) сарқырамасы т.б. түркіше аттары сақталды (Штайн В. Хронология мировой цивилизации,  2003г., Т. Хейердал);

- Түркінің 54 әулеті 144 мемлекет құрды, оның ішінде Еуропада, Қытай (ғұндардың астанасы Ордостан келген Жуанди алғаш мемлекет құрған кезде жазу да пайда болды), Үндістан, Ресей (Великорос қрылған кезде ондағы дворяндардың 70% түркілер мен угро-финдер болды) т.б. Олар Австралия мен Антарктидадан басқа барлық құрлықтардың өркениеттерін құруға қатысты. Күлтегін мен Тоныкөк «Мәңгі Ел» идеясының авторлары және әлемдегі көптеген мемлекеттердің құрылымдары (бабалар аруағына сыйыну, храмдарға табыну, Әл Фарабидің елді әділ басқару ұстанымы т.б.) түркінің дәстүріне негізделген (Сым-Цянь, Монтескье, Дж. Неру, Л. Гумилев);

- Б.д.д. IV мыңж түркілердің алғаш рет жылқыны қолға үйретіп (тарихта оны атом бомбасының ашылуымен теңестіреді), ашытылған қымыз алуы қазіргі микробиология мен биотехнологияның негізі болды (Ботай мәдениеті);

-  Ұлы даланың көшпенділерінің ет-сүт өнімдерін сақтау технологиясы тағаның мыңдаған жылдар бойы бұзылмауын қамтамасыз етті;

- Б.д.д. ІІІ мыңж түркілер темір, кремнийді алып, оларды көне Египет, Аккад, Хараппаға... экспорттады Б.д.д. І мыңж алтын (скифтің) өңдеп, «болатты» алды және оарды Азия мен Еуропаға экспорттады (Чернов т.б.)

Ғалымдар, «егер өркениет он сатыдан тұратын болса, оның тоғызы металл өңдеуді құрайды» дейді.

 Сонымен қатар, түркілердің металл өңдеуі қазіргі кремний далалары, яғни үшінші мыңжылдықтағы жоғарғы технология мен инновацияның негізі болды;

-«Орта Азияның көшпенділері Қытай, Үндістан, Еуропаны... оқтын-оқтын жаулағанда оларды адамзаттың қайғылы тағдырымен (трагедия) таныстырды (М. Вебер);

- Б.д.д. ІІІ мыңж бастап халықтардың Ұлы көштерінің барлығы түркілердің Отаны- ұлы даладан басталды. Сондықтан, Ұлы даланың жүрегі Қазақстанды өркениеттердің отаны дейді (Р. Груссе, Г. Киссенжир);

- Алғашқы обсерваториялар (Аркаим және қалалар елі),

- Алғашқы монотеистік Тәңір діні мен уақытты қазіргі қолданыстағы Григориан күнтізбесінен де әлдеқайда дәл есептейтін мәңгі тенгириан күнтізбесі (Абу Райхан Бируни, Шванн, Г. Дерфер);

- сәулеттік готика стилін (гот- массагет) түркілер Еуропаға әкелді. Әлемдік сәулетте «түркі рухы» деп аталатын портальды күмбез Карахандардың кезінде Таразда пайда болып Ислам әлемі мен Еуропаға тарады. Оны виктор Гюго, «алтын түстегі көгілдір аспан...» деді (Т. Синегова).

 «Адамзаттың қайғысын білдіру үшін жер бетіндегі адам салған ескерткіштердің барлығын жойып жіберіп, тек Таж-Махалды қалдырса жеткілікті» деген белгілі өнертанушы Дюрант Вил, Бабырдың ұрпағы салған сәулет өнерінің ерекше туындысы туралы;

- Бейнелеу өнері ұйғырлардың ішінде пайда болып ислам әлемі мен Батысқа тарады (Фон Габаин);

- Томирис, Фируза, Атилла, Мөде, Білге және Күлтегін қағандар, Тоныкөк (әлемдің тарихта Бисмаркты 2-ші тоныкөк дейді), Аспарух, Осман, Шыңғысхан, Батый, Бейбарс, Бабыр, Темірлан, Ататүрк… әлемдік тарихты жасаған ұлы қолбасшы және мемлекет қайраткерлері. Анаксагор, Пифагор (этрус), Қоркыт, Фараби, Хорезми, Ұлықбек, Низами, Навои, Сәтбаев, Әуэзов, Айтматов… әлемдік ғылым, философия, әдебиет, музыка... ұлы тұлғалары;

- Қытайдағы конфуцианствоның негізін салған Кун-Фу-цзы («Конфуций), Қытайды жаулаған ғұндардың алдыңғыбуынының өкілі. Тарихшылар буддизмнің этико-философиялық ілімінің негізін салған Сиддхарте Гаутамені даладан барған сақтардың  ұрпағы дейді...;

- Ресей мен Қытайдағы түркі халықтары тоталитарлық жүйенің құрсауынан құтылу жолында күрделі күрес жолынан өтуде. Бұл кезең Ресейде олардыңана тілдерін үйрену мен ұлттық мәдениетін дамытуға тиым салуда. Қытайда ұлттық мектептер жабылып, түркі және басқа халықтарды ашық түрде ассимиляциялау олардың арасындағы белсенділерді концлагерлерге қамаумен жалғасуда. Бұл елде сонымен қатар, барлық монотеистік діндерге( иудаизм, христианство, ислам) тиым салынып мыңнан астам мешіт, шіркеулер қиратылды.Бұл елдердегі өз азаматтарына қарсы істеліп отырған геноцид пен ксенофобияның негізгі себебі, ол елдердегі мәдениеттің деңгейі, не оның жоқтығында!

Егер олар осы уақытқа дейін «Хала» мен «харамды» айыра алмаса, олардан не күтуге болады?! Жыбырлағанның барлығын жегендіктен, табиғатта кездесетін барлық микроб-вирустардың миллионнан астам түрімен уланады. Тамақтану мәдениетінің қазіргі деңгейдегі жағдайында Қытайда әрбәр 10-15 жылда вирус эпидемиясының пайда болуы нормаға айналды.

Соңғы 40 жылда Ресейде жылына 1,0-1,5 млн адам негізі алкоголизмнен мерзімінен бұрын өлуде. БҰҰ дерегі бойынша 2050ж. бұл елдегі адам саны 142 млннан (2012ж.) 102-95 млнға азаяды. Бұл екі ел осы «эпидемиялардан» еуропалықтар сияқты исламды қабылдау арқылы құтыла алады?! Оларда басқалай жол жоқ. Басқасының бәрі бұл елдерді апатқа алып барады.

 - РФ мен ҚХР-дағы түркі, тибет, угро-фин, кавказ т.б. халықтары осындай геноцид эағдайында:

А. Қоғамдағы барлық прогрессивті күштермен бірігіп, БАҚ (интернет...) барлық құралдарды пайдаланып күресу;

Ә. Өз жкүрестеріне халықаралық құқық қорғау ұйымдары, БҰҰ т.б. белсенді тарту;

Б. БҰҰ адам құқықтарын қорғау қарарларындағы әрбір азамат пен жеке елдің құқықтарының халықаралық нормаларда тең екенін пайдалану;

В. Отбасында, қоғамдық орындарды ана тілді, ұлттық дәстүр мен мәдениетті дамытуға сайттар ашу, кітап... шығару арқылы шаралар қолдану;

- Түркі әдебиетінің классигі Назым Хикмет жастарға арнап:

Мен жанбасам алаулап,
Сен жанбасаң алаулап,
Ол жанбаса алаулап,
Аспан қалай ашылмақ?!- деп түркі аспанын қараңғылықтан азат етуге шақырса, Мағжан Жұмабай,

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай айратты,
Мен жастарға сенемін... деп, «отызында Орда бұзып, қырықында қамал алатын» жастарға өсиет қалдырған!

Түркілер мен РФ және ҚХР аз халықтары құл болып оянбай, қара түнекті  төңкеретіндей қуатты болу үшін әр сәт сайын ана тіл мен мәдениет және тәуелсіздіктері үшін күресулері керек!

Бұл әр түркінің, әсіресе жастардың қасиетті тарихи миссиясы.

Осы идеалдар үшін күрескен халық азаттыққа лайықты.

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598