Жексенбі, 24 Қараша 2024
2580 7 пікір 11 Наурыз, 2020 сағат 11:00

Ресейде Путиннің қайта сайлануына жол ашқан конституциялық өзгерістерге қарсы митинг өтеді

Ресейде оппозиция өкілдері Владимир Путиннің қайта сайлануына жол ашқан конституциялық өзгерістерге қарсы митинг өтеді. Бұл туралы «МБХ медиа» басылымы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, «Ашық Ресей» ұйымы, «Өзгерістер партиясы» және «Азаматтық қоғам» қозғалысы 21-22 наурызда Мәскеудің Сахаров даңғылында митинг өткізу бойынша Мәскеу мэриясына өтініш жазды. Олар митингке 50 мың адам қатысатынын айтып отыр.

10 наурызда Мемлекеттік Дума Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістерді мақұлдады. Оған сәйкес, Владимир Путиннің осыған дейінгі президенттік мерзімдері жоққа шығарылып, ол қайтадан 2024 жылы өтетін сайлауға қатысуға мүмкіндік ала алады.

Дауыс беру алдында Путин мұндай ұсынысқа «Конституциялық сот мақұлдаған жағдайда келісетінін» айтқан.

«Мұндай вариант болуы мүмкін. Бірақ Конституциялық сот мұндай өзгерту Бас заңның қағидаларына қарсы келмейді деп тапса ғана іске асырылуы керек», - деген Путин.

Жыл басында Путин Федералдық отырыста жасаған үндеуінде Бас заңға өзгерістер енгізу арқылы парламенттің құқықтарын көбейтуді сұраған.

67 жастағы Путиннің билік басына келгеніне 20 жыл болды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5625