Жексенбі, 24 Қараша 2024
Коронавирус 3016 12 пікір 18 Наурыз, 2020 сағат 12:33

Бас прокуратураның карантинге байланысты мәлімдемесі

ҚР Бас Прокурорының орынбасары Болат Дембаев карантинге байланысты үндеу жасады.

Дембаевтың айтуынша, карантинге байланысты бірқатар шара мен уақытша шектеу енгізілгеді.

-Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті елдің бүкіл аумағында 2020 жылдың 16 наурызынан 15 сәуіріне дейін төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 2020 жылғы  19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілді. Бірқатар шаралар мен уақытша шектеулер белгіленді. Оларды орындамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады (ӘҚБтК-нің 476-бабы - 10 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу), - деді Болат Дембаев.

Төтенше жағдай кезінде билік өкілінің заңды талабына бағынбағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген (Қылмысты кодекстің 379-бабы - 2 мың АЕК айыппұлдан 2 жылға бас бостандығынан айыруға дейін).

-Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 90-бабына сәйкес азаматтар медициналық ұйымдардың талап етуі бойынша тексеруден және емделуден өтуге міндетті. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 16 наурыздағы қаулысымен стационарлық және үй карантині енгізілді. Оларды іске асыру мақсатында уәкілетті органдар эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз елдерден келген адамдарды анықтау, оқшаулау және емдеу бойынша шараларды қамтамасыз етіп жатыр, - дейді Бас Прокурордың орынбасары.

Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин тұрғындардың және меншік нысанына қарамастан заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. Алайда карантиннен жалтару, шетелге шығу туралы мәліметтерді және байланыста болған адамдар туралы ақпаратты жасыру фактілері бар.

-Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында азаматтардан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, Денсаулық сақтау министрлігі мен ІІМ қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды, оларға инфекцияны анықтау мен алдын алуға көмек көрсетуді сұраймыз. Полицияның осындай талаптарына бағынбағаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделгенін атап өтеміз (ӘҚБтК-нің 667-бабы - 40 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамаққа алу). Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі - 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы - 5 миллион теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген, - деді Болат Дембаев.

Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты қызметін тоқтата тұру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін. Егер мұндай әрекеттер абайсызда адамдарды жаппай жұқтыруға немесе адам өліміне әкеп соқса, онда қылмыстық жауаптылық туындайды (ҚК-нің 304-бабы - 2 мың АЕК айыппұлдан 10 жылға бас бостандығынан айыруға дейін).

-Сонымен қатар, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа берілмеуге шақырамыз. Ағымдағы жағдай туралы шынайы ақпарат уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарында орналастырылады, - деді Дембаев.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1503
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3277
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5721