Карантиндегі қала (фотобаян)
18 наурыздан 19 наурызға қараған түні елорда уақытымен сағат 00:00-де Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин режимі күшіне енді.
Бұл шешім ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданған болатын.
Шешімге сай Нұр-Сұлтан мен Алматының айналасындағы көлік пен адам қозғалысын шектеу үшін арнайы блокпосттар орнатылды. Атап айтқанда, елордада 6, Алматыда 27 бақылау бекеті жұмыс істейді, санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар күшейді.
Бүгін Abai.kz ақпараттық порталының фототілшісі карантиндегі қаланың (Алматы қаласының) қазіргі келбетін, тыныс-тіршілігін шолып қайтқан болатын.
Суреттерді түсірген Әлихан Жанарбек
Abai.kz