Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Анық 6406 7 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 12:37

Қазақстандықтар жылына қанша ішімдік ішеді?

World Health Organization (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) дерегі бойынша 2020 жылы ең көп алкоголдік ішімдік ішкен 10 ел анықталып отыр.

Сараптама жасаушылар 15 және одан үлкен жастағылардың спирт өнімдерін тұтынуын 7 өлшем бойынша есептік көрсеткішін ескере отырып, әлемдегі ішімдікті ең көп пайдаланатын елдердің рейтингісін жасады.

Осы рейтингті жасарда төмендегі көрсеткіштер ескерілінді:

1) аталған елде өндірілетін таза этил спиртінің көлемі; 2) аталған елге сырттан тасымалданатын таза этил спиртінің көлемі; 3) аталған елдегі жан басына шаққанда ішілетін таза этил спиртінің литрінің орташа көрсеткіші; 4) таза этил спиртінің литрінің бір реткі бір адамға сатылуының орташа көрсеткіші; 5) тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама негізінде алынған мәлімет бойынша; 6) алкогольді тұтынуға байланысты өлім-жітім саны; 7) алкогольге тәуелділіктен емделушілер саны.

1) Молдова 15.2

2) Литва 15.0

3) Чехия 14.4

4) Германия 13.5

5) Нигерия 13.4

6) Ирландия 13.1

7) Люксенбург 13.0

8) Латвия 12.9

9) Болгария 12.6

10) Румыния 12.4

16) Ресей 11.7 

27) Беларус 11.2

60) Украина  8.6 

76) Қазақстан 7.7 

106) Армения 5.5

166) Әзірбайжан 0.8

Елімізде таза этил спиртінің тұтыну көлемі 7,7 құрауы ойлантады. Және мұсылман елдері арасында біріншілікті иелену жас ұрпақты залалды дерттен қалай сақтаудың жолын іздеуге жетелейтіні анық. 

Бірақ біздің осы саладағы бизсмендердің ақталалатын дүниесі – Ресейге саудаға шығарамыз деуі. Бұның біз ескеруге тиіс екі жағы бар. Сауалнаманың орыс тілді қазақстандықтар арасында жүргізілуі. Және елімізде өндірілетін әсіресе, Ресеймен шектесетін Солтүстік-Шығыс және Батыс облыстарымыздың өндірген өнімдерін ЕАЭО аясында солтүстік көршімізге саудалауы. 

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 878
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2289
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 589
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 567