Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Тағайындау 5294 37 пікір 28 Наурыз, 2020 сағат 16:12

Әбдіхалықова әкім болды. Әлеумет не дейді?

Кеше ғана әлеуметтік желіде Қызылорда облысының әкімі болған Қуанышбек Ысқақов пен оның маңайындағы бірнеше адамның ұсталғаны жайлы ақпар тарады. Бұған қатысты ҚР ІІМ мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әлі үнсіз.

Ал бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындады. Енді Сыр өңірін Гүлшара Әбдіқалықова басқарады. Бұл тағайындаудың Ысқақовтың ұсталғанымен қатысы бар-жоғы белгісіз. Нақты мәлімет алдағы уақытта анықталады.

Қазірше жаңа әкім жайлы екі ауыз ойымызды айтайық. Елімізде алғаш рет әйел адам облыс басқарғалы отыр. Әбдіқалықованың әкім болғанын ел тарихында елеулі оқиға болды, деп есептейтіндер көп. Мұндай пікірді алғашқылардың бірі болып президенттің кеңесшісі Аида Балаева айтты.

Аида Балаева назначена помощником Президента РК - Новости ...

Балаева ханым Facebook желісіндегі жеке парақшасында Әбдіқалықованың әкім креслосына әбден лайық екенін жаза келе, әріптесінің жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

- Гүлшара Әбдіхалықованың Қызылорда облысының әкімі боп тағайындалғаны еліміз үшін тарихи оқиға болды. Тұңғыш рет әйел адам аймақ тізгінін қолына алды. Меніңше бұл меритократияға қарай жасалған басты қадам, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан лайықты адамдар билікке келеді. Әйел облысқа басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ, - деді ол.

Бірақ елдің бәрі Балаевамен бірдей ойда емес. Әбдіқалықованың қызмет жолына қарап, оның бір облысты еркін басқарып кететінен күмәнмен қарайтындар көп. Әлеуметтік желіде пікір жазушылардың көбі, бүкіл мансап жолында Ақорданың айналасынан ұзап шықпаған кадрға облыстың екі тізгін, бір шылбырын тапсыру асығыстық деп санайды.

Гүлшара ханым, үш жыл министр, бес жыл мемлекеттік хатшы болған. Одан өзге қызметтерінің көбі орынбасар немесе кеңесші дәрежесінде. Демек, Гүлшара Наушақызы қызметтік жолында алғаш рет Ақордадан ұзап шығып, өз бетінше жұмыс істеп көрмекші.

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болды

Гүлшара Наушақызы кім? Осы уақытқа дейін қандай қызметтер атқарды? Бұл туралы егжей-тегжейлі ақпарат әлеуметтік желіде жетерлік. Біздің айтпағымыз, Әбдіхалықованың әкім болып тағайындалуының қандай да бір саяси астары бар ма? Әлеуметтік желідегі жұрт не дейді?

Болат Нұрқожаевтың  Facebook-тегі жазбасы:

- Мұхтар Құл-Мұхаммед (2007-2008) әкім болып бар жоғы 1 жылдай ғана отырды. Көп нәрсені бастап кетті. Көксарайға қарсы болды деп естідік.

Б.Қуандықов (2008-2013) кезінде де жалғыз теміржол көпірімен қылмыстық іс болды...

Қ.Көшербаев (2013-2019) келгенде облысқа жаңа серпін беру үшін кадр саясатына кемінде төрт жыл керек деп жазғанмын. Меніңше ол кері кеткен сияқты.. Бірақ ол кісінің беделі мен ықпалы арқасында уақыт белдеуі мәселесін шешіп алдық.

Қ.Ысқақовты (2019-2020) 9 ай ғана қызмет қылғанмен жамандыққа қимаймыз. Бірақ біздің облысқа келгенге жоғарыда мықты тіреуі болмаса қиын..

Енді жаңа әкіміміз болып (2020) Г.Әбдіхалықова келді..

Жалпы біздің облысты Қазақстанның миниатюралық көрінісі десе болатын шығар.. Мұнайға тәуелді, күріш пен мұнайдан өзге өнім шықпайтын, рушылдық, жершілдік пен туыстық қатынас қатты өңір..

Бір адамның артында екіншісі тұр, клан-клан, халқы момын, төзгіш өңір десе болғандай..

Бір рудан, не бір ауданнан басшы келсе: "Ооо, біздің адам келді" , - деп қуанып қалатын, бірі қызметке келсе олар бірін-бірі танымаса да жастарының өзі: "пәленшенің руласы, жерлесі ғой, сосын келген", - деп тұжырым жасайтын өңірміз..

Ең бастысы осылардан аулақ, өңірді бір қоғам деп қарайтын, еліне адал қызмет көрсететін басшы болса болды-да..., - деп жазған.

Азаматхан Әміртайдың Facebook-тегі жазбасы:

- Қызылорда облысының әкімі болып Гүлшара Әбдіхалықова тағайындалған екен. Ел дағдарыс алдында тұрған кезде кабинеттен шықпайтын "татешка" халық үшін не істей алады?, - деп жазды.

Abai.kz

37 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525