Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
3262 0 пікір 31 Наурыз, 2020 сағат 11:00

Қазақстан коронавирус салдарын азайту үшін Ұлттық қордан 2 трлн теңге алады

Қазақстан үкіметі дағдарысқа қарсы шараларға Ұлттық қордан қосымша қаржы алатынын жеткізді. Ұлттық қорға шикізаттан түскен қаржы жиналады.

Елдің ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қордан 1,8 триллион теңге (төрт миллиард долларға жуық) алынады. Дағдарыспен күресу үшін төрт триллион теңге бөлінеді. Қалған 2,1 триллион теңге бюджеттен қаралады.

Осыған дейін Ұлттық қордан қосымша қаражат алынбайтыны айтылған.

Қазақстанда қазір алты ірі қала карантинге жабылды.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 19 наурыздан бері жабық. 30 наурыздан 5 сәуірге дейін мемлекеттік органдар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар және коммуналдық қызметтер ғана жұмыс істейді, қалғандары жабылады. 28 наурыздан бері қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынды. Қоғамдық көліктер қозғалысы да сирейді.

Соңғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 294-ке жетті. 20 адам айықты, бір әйел көз жұмды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1983
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4833
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4011