Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1944 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 20:55

Жетінші министр - Жақсыбеков

Қазақстанның жетінші қорғаныс министрі болып, осы креслоның босағанына тура жеті күн толғанда, Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Бұл жайында кеше ҚазТАГ агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабардар етті.

Қазақстанның жетінші қорғаныс министрі болып, осы креслоның босағанына тура жеті күн толғанда, Әділбек Жақсыбеков тағайындалды. Бұл жайында кеше ҚазТАГ агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, хабардар етті.
Жаңа министрді ұжымына таныстыра отырып, Н.Назарбаев «Жақсыбеков - аталған жұмыс орнында қажет адамның дәл өзі. Оның ұйымдастырушылық жұмыста мол тәжірибесі бар», - деп, жылы сөздерімен жебей кетіпті. Сонымен бірге, Елбасы қарулы күштер жайын қаперінен шығармайтынын, биылдың өзінде қорғаныс ведомствасына 140 млрд-тай қаржы бөлінгенін, 3 мыңнан астам әскерилерге жаңа пәтер кілті тапсырылғанын айта кеткен. Осылайша, Н.Назарбаев өзінің сенімді деген сарбазына тағы бір тест сынағын тапсырып отыр. Бұдан сүрінбесе, Жақсыбековтың саясат Олимпіндегі жұлдызы да әл-әзір сөне қоймас. Не десек те, Назарбаев осы шешімімен «Ахметовтен кейін азаматтық тұлға қорғаныс саласына басшы болмайды-ау» деген бірталай сарапшының аузына құм құйды. Енді кинематография маманы қорғаныс саласына басшы болса, бұған қарсы не деп уәж айтарсыз? Әрине, мәселе оның жас кезінде алған мамандығына тіреліп тұрған жоқ шығар. Әділбек Рыскелдіұлы - өзіне сеніп тапсырылған жұмыстарды шама-шарқынша атқарып, жаманды-жақсылы алып жүрген мемлекеттік басқарушы. Естеріңізде болса, ол Астана қаласының алғашқы әкімі болды, Индустрия және сауда министрлігінің де құлағын ұстады. Бірталай уақыт «Нұр Отан» партиясы мен Президент әкімшілігінің басшылығында да болды. Осындай жауапты лауазымдардан соң Ақордадағы қым-қуыт тіршіліктен алыс, Ресей Федерациясындағы еліміздің төтенше және өкілетті елшісі міндетін атқару  - оған берілген заңды демалыс сияқты етін. Енді міне, 2008 жылдың қарашасынан бергі «қысқа демалысы» аяқталған жаңа министр Ахметов еңсере алмаған ауыр жүкті көтеруі тиіс.

 

 

«Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5458