Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2207 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:28

Алматыда қылмыстық топ банктерден $500 мың мен 60 млн теңге ұрлап кеткен

Астана. 24 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Алматыда екінші деңгейдегі банктерден құжаттарды қолдан жасап несиелер алу арқылы тонаушылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) зиянсыздандырылды. Бұл туралы сәрсенбі күні экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады.

Оның айтуынша, несиелер жалған адамдарға толтырылған. «Бұл ретте кепіл мүлік ретінде үшінші адамдардың мүлкі қойылған. Сөйтіп, қылмыскерлер $500 мың мен 60 млн теңге ұрлаған», - деп түсіндірді ол. 

Қазіргі уақытта топты ұйымдастырушы мен оның екі мүшесі тұтқындалды, тағы бір мүшесі кепілдемемен жүр, ал басқа екеуіне іздеу жарияланған. 

Бұл ретте, қаржы полициясы ұйымдасқан топтармен жасалатын қылмыс артып отырғанын айтады. Мысалы, ағымдағы жылдың 5 айында қаржы полициясы органдарымен осындай фактілермен 10 қылмыстық іс қозғалған, ал бұл 2008 жылғы осындай мерзіммен салыстырғанда екі есеге көп. 

ҰҚТ-мен жасаған қылмыстың ең көбі банк саласында анықталған. Олардың барлығы заңсыз несиелер алу арқылы ұрлау мақсатында жасалған.

«Оңтүстік Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп олардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. Топтың мүшелері кепіл мүлікке жалған құжаттар жасап республиканың 8 банкінен несие түрінде заңсыз 226 млн 200 мың теңге алған. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары сотқа тапсырылды», - деп хабарлады М. Жұманбай.

Ол, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҰҚТ құру мен оны басқарғаны үшін ең үлкен жаза мөлшері – мүлкін тәркілеп, 15 жыл бас бостандығынан айыру қарастырылғанын еске салды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475