Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 9987 23 пікір 6 Сәуір, 2020 сағат 13:52

Тағы да 42 500 туралы

Әуелде президент тапсырмасына сәйкес, бұл көмек 1,5 миллион адамға берілуі керек еді. Кейін, қоғамдық наразылықтарды ескере келе, жәрдемпұлды алушылардың санын өсірді. Енді төтенше жағдай кезінде тұрақты табысынан айырылған 3 миллион адамға берілетін болды.

42 мың теңге алатын адамдардың ұзын-сонар тізімі жасалып, топ-топ категорияға бөлінді.

Электронды үкіметтің сайты - «egov» арқылы берілетін болды. Оған «кілт» таппаған көп жұрт тағы талап қойды. Ақыры арнайы сайт ашылатын болды. Ол - «42500.enbek.kz». Бұл сайтқа да көп жұрт кіре алған жоқ. «Сайт» сызылып-созылып ол тұрды. «Электронды үкімет» «кілт» түгендеп ол тұрды. Ақыры қаранөпір халық банк ғимараттары мен әкімдіктерге, пошталарға ағылды. Не үшін? Шот аштырып, өтініш өткізу үшін...

Сайттардың техникалық олқылықтарының себебін, Цифрилық даму министрі Асқар Жұмағалиев түсіндіріп көрді. Түсіндіремін деп, сөзден сүрінді. «Бір күнде 15 миллион кірген. Сайттың шамасы жетпей қалды», деп сөйледі. Кейін ресми ақпараттар Асекеңнің сөзін түзеп, жәрдемпұлға өтініш бергендердің саны 400 мыңнан асып жығылғанын жеткізді. Сөйтсе, 76 мың адамға SMS-хабарлама таратылыпты. Оның 60 мыңы әлгі көмекті алып үлгерген екен.

Ал кеше Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов SMS-хабарлама жіберілген барлық азаматқа бірдей 42 мыңнан берілмейтінін айтыпты. Министрдің мәліметінше, айлық табысы 500 мың мен 1 миллионның аралығын құрайтын 2 мыңға жуық адам 42 мыңдық көмекке өтініш беріпті.

Оның айтуынша, соңғы 2 күнде 412 мың өтініш түскен екен. Соның 1873-інде қомақты айлық табысы болған.

«Олар табысынан айылырып қалғандарын айтты. Бірақ, тексеру кезінде соңғы қаңтар, ақпан және наурыз айларында олар 500 мың мен 1 миллионның аралығында табыс тауып отырғаны анықталды. Сөйте тұра 16 наурызда ақшалары таусылып қалыпты-мыс. Бұл өтірік! Бұл дұрыс емес! Керішім сұраймыз, әрине. Сіздер уақыт бөліп, біздің сайтымызға кіріп, өтініш қалдырдыңыздар. Бірақ, сіздерге 42 500 теңгеден берілмейді», - депті министр.

Ал мынау министр ұсынған жаңа тәсіл. 42 500 теңгені алу үшін Telegram мессенджерінде өтініш білдіруге болады екен.

Telegram-дағы ботқа кіріп, Start (Бастау) батырмасын басу қажет.

Бот: https://t.me/Help42500Bot

Өтініш беру үшін мына мәліметтерді жазу керек:

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар:

1. «Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» батырмасы
2. ЖСН
3. Электрон пошта
4. Телефон нөмірі
5. Банк шотының нөмірі (IBAN)
6. Өтінішті растау

Сосын сізге өтініш қабылданғаны туралы хабарлама келеді

7. Өтініштің тіркеу нөмірі
8. Өтініштің қаралып жатқаны туралы хабарлама.

Қызметкер өтініш беретін болса:

1. «Қызметкер» батырмасы
2. ЖСН
3. Сіз жұмыс істейтін ұйымның Бизнес идентификациялық нөмірі (БИН)
4. Электрон пошта
5. Телефон нөмірі
6. Банк шотының нөмірі (IBAN)
7. Өтінішті растау

Сосын сізге өтініш қабылданғаны туралы хабарлама келеді

8. Өтініштің тіркеу нөмірі
9. Өтініштің қаралып жатқаны туралы хабарлама.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3265
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5598