Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, Өзбекстанның шетелде жүрген 23 азаматына COVID-19 вирусын жұқтырды деген диагноз қойылды.
Олар АҚШ-та (10), Пәкістанда (5), Қазақстанда (2), Австрияда (1), Арменияда (1), Біріккен Араб Әмірліктерінде (1), Корея Республикасында (1), Ресейде (1), Таиландта (1) тұрады. Бұның алдында Нью-Йорк қаласында үш өзбекстандық коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған.
Өзбекстанның дипломатиялық өкілдігі азаматтармен үнемі байланыс жасап отыр делінген министрлік хабарламасында.
Сыртқы істер министрлігі шетелдегі өзбек азаматтарына жергілікті билік талаптарын орындауға, көпшілік шараларға қатыспауға, адам көп жүретін жерлерге бармауға, сақтық шараларын қолдануға кеңес берді.
Abai.kz