Жексенбі, 24 Қараша 2024
3148 2 пікір 9 Сәуір, 2020 сағат 11:09

Берни Сандерс АҚШ президенттігіне үміткерлер жарысынан шығып қалды

АҚШ сенаторы Берни Сандерс биыл өтетін президент сайлауына Демократиялық партия атынан өзінің кандидатурасын ұсынуды тоқтатты.

Сандерстің жарыстан шығуы АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденге Демократиялық партия атынан үміткер болып, Дональд Трампқа бәсеке туғызуына жол ашады. Байден таяуда ғана Иллинойс, Аризона және Флорида штаттарында өткен праймеризде Сандерсті басып озған.

Коронавирус пандемиясы тұсында президенттіктен үміткерлер сайлаушылармен кездесуді тоқтатты.

Демократиялық партия атынан президенттіктен үміткер болу үшін партия съезінде қатысатын 3979 делегаттың кемінде 1991 дауысын алуы қажет. Партия жиыны шілде айының ортасында өтеді деп жоспарланған. 7 сәуірдегі көрсеткіш бойынша Байденді әзірге дауыс берушілердің 1217-і қолдап отыр. Сандерсте 914 дауыс болған.

Қазіргі президент Дональд Трамп соңғы праймериз қорытындысы бойынша 1301 дауыс жинады. Трампқа тағы сайлауға түсуі үшін 2441-тен 1276 дауыс алуы қажет.

АҚШ-та кезекті президент сайлауы биыл 3 қарашада өтеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636