Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 2824 4 пікір 9 Сәуір, 2020 сағат 11:57

Зейнетақы қорындағы ақшаны депозитке аудару керек

Зейнетақы қорын таратып, әр азаматқа жиған ақшасын депозит етіп, оны пенсияға шыққанда ғана ай сайын алатын ету керек. Себебі, қазіргі өкіметке де, Зейнетақы қорына да халық сенбейді. Олар талан-таражыға салып, ішіп-жеп шетелге қашып кетуі де әбден мүмкін. Қашпаған күннің өзінде қазір Қор үлкен аппарат құрып алып, қаншама адамдар түк бітірмей отырып, жоғары жалақы алып отыр. Олардың еш пайдасыз шығындары тым көп. Қымбат көлік мінеді, шетелге, ел ішіне ісапарларға шығады т.с.с.

Оларға халық сенген күннің өзінде салған ақша құнсызданып тиынға айналып барады. Зейнетке шыққан күні ол ақша күлге ғана айналады. Сондықтан әр азаматтың өзінің атына депозит етіп ашып берсе, оның өсімі болады, құнсызданудан аз болса да сақтайды.

Жемқорлар жеке адамның депозитіндегі ақшаға қол сала алмайды. Ол ақшаны салымшының өзіне де беталды алып жұмсауына рұқсат берілмесін.

Тек әркім пенсияға шыққанда ғана ай сайын алатын етіп қамсыз қарттықты қамтамасыз етуге болады.

Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627