Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2594 0 пікір 24 Маусым, 2009 сағат 21:37

Қымбат СМАҒҰЛОВА. Өткен маусым театрға не берді?

Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры әрбір жаңа маусымын ұлы суреткер Мұхтар Әуезов шығармасымен ашатыны және жабатыны белгілі. Осы ежелгі дәстүр бойынша ұжым биылғы 83 маусымын 28-маусым күні театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі Е.Обаев қойған «Айман-Шолпан» комедиясымен қорытындыламақ. Биылғы маусым театр үшін табысты аяқталды деуге болады - жаңа қойылымдар, шығармашылық кештер, көрерменмен кездесулер, гастрольдік сапарлар театрдың кестесінен орын алды.
Ең алдымен жаңа қойылымдар туралы айтар болсақ, маусымның алғашқы премьерасы белгілі ғалым Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» атты драмасы бойынша өтті. Қазақстанның халық артисі, профессор Есмұхан Обаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Төлеубек Аралбай қойған аға ұрпақ тағдыры арқылы адамгершілік, имандылық проблемаларын көтерген бұл туынды көрермен көңілінен шықты.

Көрнекті суреткерлер Қ.Мұхамеджанов пен Ш.Айтматовтың «Көктөбедегі кездесу» драмасы да маусымның үлкен табысы. 1975 жылы көрнекті режиссер Ә.Мәмбетов қойған, әлемнің бірталай сахнасында табысты жүрген драманы биыл Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Оразхан Кенебаев сахналады. «Қайткенде адам қалады адам болып?» деген мәңгілік сауалға жауап іздеген бұл шығарма бүгінгі өмір тұрғысынан саралағанда өзектілігін жойған жоқ. Спектакльді Республика Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құлмұхамед келіп көргенін, ұжым еңбегіне жоғары баға бергенін айта кеткен орынды.
Прозашы Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қыз» трагедиясын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ә.Рахимов сахналады. Бұл туынды тарихымыздағы ақтаңдақты аша түсетін, көрерменін мемлекетшілдікке тәрбиелейтін көркем қойылым болса, қырғыздың белгілі драматургы Мар Байджиевтің «Қылмыс» драмасы жастар өміріне арналған. Белгілі режиссер Оразалы Ақжарқын-Сәрсенбек өзі аударып, өзі сахналаған туындыда бүгінгі қоғамдағы көкейкесті проблемалар жастар өмірі арқылы проекцияланады.
Әзірбайжан классигі Үзейір Ғаджыбековтің «Аршын мал Алан» музыкалық комедиясын Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тұңғышбай әл-Тарази қойды. Әсем әуен мен ішкі-сыртқы пластика салтанат құратын спектакльдің өмірсүйгіштік, жасампаздық рухы биік.
Театрда қазіргі қазақ драматургиясының озық деген туындылары да түгелдей дерлік қойылып келеді. Ұжым талантты жастармен толығуда. Гастроль жүйесінің қайта жандануы соңғы кездегі жетістігіміз екенін атап айтқанымыз жөн. Биылғы гастроль Орал, Ақтөбе қалаларында мамыр айында үлкен табыспен өтті. Батыс өңіріне еліміз тәуелсіздік алғалы бері өткен алғаш рет сапар шеккен театр «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясын, «Сыған серенадасы» мюзиклын, «Махаббат дастаны», «Ескі үймен қоштасу» және «Ымырттағы махаббат» драмаларын көрсетті.
Театр жыл сайын жаңа қойылымдарының фестивалін өткізетіні белгілі. Биыл 14-ші рет ұйымдастырылған өнер мерекесі «Ұлы мәртебелі актер» деген атпен өтті. Бұл фестиваль актерлер қауымының шығармашылығын жан-жақты саралап, олардың жемісті еңбегін тиісті бағалаған, әртістердің көңіл-күйін көтерген, шабытына шабыт қосқан мереке болды. Жоғарыда айтқанымыздай, театрымызда мерейтой кештері де тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Мұндай кештер шығармашылық иесінің көрермен алдында берер есебі десек, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловтың және Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, доцент Рәшида Хаджиеваның 60 жылдық мерейтой кештері көрермен есінде қалғаны анық. Театр қайраткері Т.Жаманқұлов мерейтойына орай жарыққа шыққан көркем кітабы мен ән таспаларын көрермен қауымға ұсынды. Кітап демекші, Қазақстанның және Қарақалпақстанның халық артисі Жұмабай Медетбаев туралы «Ақынжанды актер» атты естеліктер кітабы жарық көрді. Актердің туғанына 70 жыл толуына арналған еске алу кеші өткен жылдың соңында өткен болатын. Маусымдық мерейтойларды театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қымбат Тілеуова мен оның өмірдегі және өнердегі серігі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсыновтың 50 жылдығына арналған «Ғажайып әлем» атты әдемі шығармашылық кеш қорытындылады.

Қымбат СМАҒҰЛОВА

«Айқын» газеті 24 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434