Жексенбі, 24 Қараша 2024
46 - сөз 4041 6 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 11:19

Бізді қатыстырмай жаңа жер заңын талқылауға болмайды!

Ауыл шаруашылығы министрлігі өте зиянды - жердің субаренда институтынан - бас тартатын болса, онда ол туралы бізге ресми түрде пресс-релизін жариялап берсін. Ол бір.

Екіншіден. Мораторийдің аяқталуына 1,5 жыл қалып отыр, бұны біз де, билік те біліп отырмыз. Жаңа заңды дайындап-қабылдату үшін ең кемі бір жыл керек болады. Одан басқа алдымызда парламенттік сайлау науқаны бар, ол да 2-3 ай уақыт алады.

Менің ақпаратым бойынша бүгінгі таңда АШМ және НПП Атамекен жер заңына ұсынып жатқан жаңа өзгерістерді фермерлердің арасында талқыға салып отыр. Менің қолыма бұндай бір құжат түсіпті (жариялап жатырмын).

Бұндай жағдайда "Жер қорғаны" қозғалысының талабы мынандай болуы керек деп санаймын: "Жаңа жер заңын талқылауды біздің өкілісіз өткізуге болмайды!"

Біз бұндай талапты қазір қоймасақ, жаңа жер зыңның талқылауынан тыс қалсақ, момын боп бейхабар отырып ертең тағы аяқасты жағдайда табылуымыз әбден мүмкін. Ол бізге керек пе? Жоқ, әрине!

Әлбетте АШМ және НПП Атамекен ұйымы талқылауды ұйымдастырса, жұмысшы топты құрып жатса мен және басқа белсенділер оған кіріп қатысуымыз керек. Өйткені жер деген - тек қана фермерлердің, яғни жерлері барлардың, шаруасы емес!

Олардың қолында жер бар, жақсы, адал жұмыс істей берсін, іске сәт дейміз! Бірақ жерлері жоқтардың мүдделерін кім қорғайды? Басқаларға да жер керек қой! Қаншама қазақ жерге қол жеткізе алмай қиналып жүр! Астанада жерлері барлардың лоббилері өте күшті, ал жерлері жоқтардың лоббиі мүлдем жоқ! Мәселе қайда жатыр.

Сондықтан өз басым осында жерлері жоқтардың "лоббисі" болуға әзірмін, итак та болып жүрмін! Бірақ енді мен ресми статуспен жұмыс істеуім керек. Мен жалғыз емес екенімді көрсін мыналар. Жердің мәселесі жөн шешуі тек маған ғана емес, барша қазаққа керек екенін түсінсін.

Қарапайым ауылдағы қазақтарға да жайылым, егістік жерлер керек емес пе? Ал латифундистердің қаншама бостан босқа жатқан жерлері бар! Неге сол бос жатқан жерлерді қиналып жүрген ауылдағы жұртқа таратып бермеске? Бар ғой бос жатқан жерлер, бар ғой, жоқ емес!

Сондықтан Жер туралы жаңа заңның талқылауы ашық өтуі тиіс! Бұл заңға біз, "Жер қорғаны" қозғалысы, белсенді араласуымыз керек! Жер туралы заңға қауіпті немесе халыққа зиянды өзгерістерді енгізуге жол бермейміз! Керісінше халыққа тиімді қылып дайындап береміз! Жұмысты әлеуметтік желілер арқылы ақылдасып жүргіземіз.

Бірлік бар жерде тірлік те, жер де болады, достар!

Мұхтар Тайжанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5708