Жексенбі, 24 Қараша 2024
2217 2 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 11:22

Германия канцлері Ангела Меркель карантин шектеулерінің бірқатарын алып тастады

Германия канцлері Ангела Меркель коронавирустан сақтануға бағытталған карантин шектеулерінің бірқатарын алып тастады.

Келесі аптадан бастап аумағы 800 шаршы метрден аспайтын дүкендер қайта ашылады. Автосалондар, кітап және велодүкендер, мұражайлар, кітапханалар мен мұрағаттар, хайуанаттар және ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Бұл туралы "Неміс толқыны" хабарлады.

Дегенмен елде кейбір шектеулер 3 мамырға дейін сақталады. Меркель тұрғындарға қоғамдық орындарда медициналық маска тағып жүруге кеңес берді.

Германияда 4 мамамырда мектептер, шаштараздар жұмыс істей бастауы мүмкін, бірақ ірі қоғамдық іс-шаралар, діни қызметтер тамыздың аяғына дейін өткізілмейді. Барлар, кафелер, мейрамханалар, кинозалдар мен ән алаңқайлары да әзірге жабық тұр.

Германияда 127 мың адам коронавирус жұқтырған, жұқпалы дерттен 3200-ден астам адам қайтыс болған.

Бұның алдында Еуропадағы бірқатар ел шектеулерден бас тарта бастады. Данияда сейсенбіден бастап мектептер мен кейбір балабақша ашылды. Австрияда шағын дүкендер жұмыс істеп тұр, ал 1 мамырдан бастап спорттың кейбір түрлерімен далада шұғылдануға рұқсат. Италияда кітап дүкендері мен балаларға арналған киім дүкендері жұмыс істей бастады.

Францияда қатаң карантин шаралары 11 мамырға дейін созылды. Бельгияда мұндай шаралар кемінде 3 мамырға дейін сақталады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5711