Жексенбі, 24 Қараша 2024
2371 0 пікір 16 Сәуір, 2020 сағат 11:29

"ҚазПолиметалл" жұмысшылары жалақы талап етті

Қарағанды мен Теміртау қалаларында "ҚазПолиметалл" компаниясының ондаған жұмысшысы мен бұрынғы жұмысшылары жалақы талап етті.

Компанияның жұмысшыларға берешегі ондаған миллион теңге болған. Жұмыс беруші зейнетақы қорына ақша аудармаған, әлеуметтік төлем жасамаған дейді жұмысшылар. Соның кесірінен олар мемлекеттің әлеуметтік жәрдемақысын, несие ала алмай отыр.

"Қыркүйек айынан бері айлық алмадық. Күні-түні кеннен шықпай жұмыс істедік. Мені құл ретінде пайдаланды. Енді жұмыс жоқ, денсаулық жоқ, ақша да жоқ. Карантинде басқа жұмыс таба алмайсың. Мен артық ақша сұрамаймын, еңбекақымды төлесін. Әбден шаршағаным сонша, өз-өзімді өртеп жіберуге дайынмын. Бұлай өмір сүруге болмайды", - деді "Қазполиметалл" компаниясының бұрынғы жұмысшысы Дастан Сағынтаев.

Компания жұмысшылары Теміртау әкімдігіне шағымданды.

"Біз олардың арыздарын прокуратура мен еңбек инспекциясы басқармасына жолдадық. Мемлекеттік кіріс департаментіне хат жазып, олардың 42 500 теңге жәрдемақы алуына көмектесеміз", - деді Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай.

Қарағанды облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жұмысшылардың арызы тіркелгенін, бірақ төтенше жағдай кезінде оны тексере алмай отырғанын хабарлады.

"Дүйсенбі күні "ҚазПолиметалл" алты миллион теңге берешегін төледі. Енді 28 миллион теңгесі қалды. 279 жұмысшының айлығы. Компанияның жұмысшыларға қарызы 74 миллион теңге болған", - деді басқарма жетекшісі Ирина Любарская.

Азаттық тілшісі "ҚазПолиметалл" компаниясына хабарласты. Компания басшылығы сауалдарға жауап беруге уәде берді, бірақ жауап әлі түскен жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5705