Жексенбі, 24 Қараша 2024
4505 3 пікір 24 Сәуір, 2020 сағат 11:59

Тегеран Трамптың иран кемелерін жою туралы мәлімдемесіне жауап қатты

Иранға қауіп төнген жағдайда, Тегеран америкалық әскери кемелердің көзін жояды. Ислам революциясының сақшылары корпусының қолбасшысы Хоссейн Салами осылай деп мәлімдеді.

Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Парсы шығанағында АҚШ кемелеріне кедергі келдірген иран кемелерін атқылау туралы жарлық берген. Иран әскери катерлерінің АҚШ эсминеціне жақын келгені жөнінде 15 сәуірде хабарланған еді.

Трамп мәлімдемесінен соң Иран АҚШ-тың Тегерандағы мүддесін қорғаушы Швейцария елшісін шақыртты. Оған Ақ үйге арналған наразылық нотасы тапсырылды. Иран билігі Вашингтонды теңіз қауіпсіздігі мен кемелердің еркін қозғалу тәртібін сақтауға шақырды.

Биыл қаңтар айында АҚШ Иран генералы Кассем Сүлейманиді өлтірген соң Вашингтон мен Тегеран арасындағы дау шиеленісе түсті. АҚШ-тың әскери операциясына күшпен жауап берген Иран Ирактағы америкалық базаны атқылады. Шабуылдан АҚШ-тың ондаған жауынгері зардап шекті.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588