ТМД мемлекеттерінің парламентаралық ассамблеясының 2012 жылғы жұмыс жоспарына Лев Гумилевтің 100 жылдығына арналған шаралар кіреді
Астана. 25 қазан. ҚазТАГ -Бауыржан Мұқанов. Лев Гумилевтің туылғанына 100 жылдығын тойлау ТМД мемлекеттерінің парламентаралық ассамблеясының 2012 жылғы жұмыс жоспарына кіреді, деп ҚР ғылым және білім министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті. «2012 жылы 1 қазанда ХХ ғасырдың ұлы ғалымы әрі ойшылы Лев Гумилевтің туылғанына 100 толады. Оның өркениет пен мәдентеттер диалогы бүгіндері өзінің өзектігін жоғалтқан жоқ және ЕҚЫҰ, БҰҰ және ЮНЕСКО аясында үлкен қолдауға ие», - деді Б. Жұмағұлов сейсенбі күні «Қазақстан және еуразиялық идея жаңа әлемде» атты халықаралық форумда. «Сондықтан Еуразиялық ұлттық университеттің Лев Николаевич Гумилевтің 100 жылдығын тойлауды ТМД мемлекеттерінің парламентаралық ассамбелясының 2012 жылғы шаралар жоспарына енгізу керектігі туралы ұсынысы толығымен негізі бар деп есептеймін», - деді ол. Еске салсақ, 25-26 қазанда Астанада «Қазақстан және еуразиялық идея жаңа әлемде» атты халықаралық ғылыми форум өтіп жатыр.