Жұма, 22 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 5758 74 пікір 2 Мамыр, 2020 сағат 12:35

Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды

Сенат спикері Дариға Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды», - деп жазылған ресми хабарламада.

Дариға Назарбаеваның басқа қызметке ауысатыны немесе қызметін қайта жалғастыратыны туралы ресми ақпарат әлі жарияланған жоқ.

Ол осыған дейін 2004-2007 жылдары Мәжілістің III-шақырылымында депутат болды (Асар партиясы тізімімен өткен).

2007 жылы Тұңғыш Президент Қорының директоры болыл тағайындалды.

2012 жылдың қаңтарынан бастап 2015 жылға дейін Мәжілістің V-шақырылымында депутат болды (Нұр Отан партиясының тізімімен өткен).

2014-2015 жылдары Нұр Отан фракциясының жетекшісі, Мәжіліс төрағасының орынбасары болған.

2015-2016 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары лауазымына дейін жетті.

2016 жылы Сенатқа ауысты. Ал 2019 жылы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағанда, көпшілік бірауыздан Дариға Нұрсұлтанқызын таңдап, Сенат спикері атанды.

Соңғы уақытта Дариға Назарбаеваның есімі Лондондағы «күдікті ақшаға алынды» деген зәулім сараймен байланысты атала бастаған. Ағылшын ақпараты Лондон соты тәркілеген зәулім сарайлардың қожайыны - Қазақстан Сенатының спикері мен оның ұлы екенін жазды. Кейінірек, Дариға Назарбаева мен оның ұлы сотта жеңіп шыққаны белгілі болды.

Abai.kz

74 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329