Мәсімов пен Ермекбаевқа жаңа әскери атақ берілді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы:
Бектанов Мұрат Кәрібайұлына,
Дәндібаев Тимур Тұрарұлына,
Ділманов Дархан Айтқалиұлына,
Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына,
Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына;
әділет генерал-лейтенанты әскери атағы
Сартаев Дастан Шаймерденұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені
Асылов Берік Ноғайұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Жазин Серік Кенжетайұлына,
Жоламанов Асқар Ахметұлына,
Жүсіпов Асан Қуанышұлына,
Ильин Юрий Викторовичке;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Әмірханов Асқар Баймерденұлына,
Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына,
Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы
Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына,
Калайчиди Алексей Дмитриевичке,
Сәденов Ержан Сапарбекұлына,
Таймерденов Қанат Даниярұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына,
Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы:
Бектенов Олжас Абайұлына,
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов пен Нұрлан Ермекбаевқа былтыр да әскер атақ берілген болатын.
«Жоғарғы әскери және арнаулы атақтар беру туралы» 2019 жылғы 18 наурыз №877 Қаулысына сәйкес, генерал-майор әскери атағы Нұрлан Ермекбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы Кәрім Мәсімовке берілген.
Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінен бастап ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы қызметін атқарып келеді. Ол тәуелсіз Қазақстан тарихындағы қауіпсіздік құрылымының 13 басшысы.
Ал Нұрлан Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрі қызметіне 2018 жылдың тамыз айында тағайындалды.
Abai.kz