Тамара Дүйсенова Президенттің көмекшісі болды
-Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын,-делінген хабарламада.
Ол еңбек жолын Сарыағаш ауданында мектеп мұғалімі болып бастаған.
1988 – 1992 ж. Өзбекстан Мемлекеттік жоспарлау комитетінің есептеу орталығының экономика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер,
1992 – 1993 ж. Сарыағаш аудандық әкімшілігінде аға экономист,
1994 – 1999 ж. әкімнің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары,
1999 – 2002 ж. облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2002 жылдың қыркүйек айынан ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі.
2008 жылдың қаңтарынан бері - ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған.
2013 жылғы ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2013 жылдың 10 маусымы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің уақытша қызметін атқарушы
2013 жылғы 27 маусымда - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
2014 жылғы 6 тамызда - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды.
2017 жылғы 25 қаңтар - 2018 жылғы 9 ақпан - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
22 ақпан 2018 ж. - 09 шілде 2019 ж. - «Нұр Отан» партиясының хатшысы
2019 жылғы 15 шілде - 2020 жылғы 5 мамыр - «Адами ресурстарды дамыту орталығы» АҚ басшысы болды.
Abai.kz