Шөкеев: 845 үйді су басып, 31 606 адам эвакуацияланды
Түркістан облысының басшысы Үкімет сағатында Мақтааралға қатысты баяндама жасап, төтенше жағдай бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Төтенше жағдай салдарынан бүгінгі таңға, алдын ала есептеулер бойынша жалпы 845 тұрғын үйді, 3 мектепті, 5 бала-бақшаны,4 медицина нысандары мен 1 мәдениет үйін, 10 дүкенді су басты, Жеңіс ауылындағы көпірді (ұзындығы 10 метр, ені 6 метр) және республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар 54,7 шақырым автожолдарды су шайды.
Мәлімдемеге сәйкес, жалпы 31 606 тұрғын 14 елді мекеннен эвакуацияланған еді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2 елдімекен (Мырзакент, Ақжол) тұрғындары өз үй-жайларына қайта оралып, жайғасуда. Жалпы 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекенді су басқан(Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Өргебас және Достық), 7 елдімекенде су басу қаупі әлі де жоғары.
«Алдын ала жинақталған мәліметтер бойынша көлемі 7639 гектар егістік жерді су басқан. Сонымен қатар, мал шығыны нақтылануда. Қазіргі таңда, осы жоғарыда аталған шығындарды есептеп жатырмыз. Нақты шығын көлемі нақтыланып болған соң, қосымша баяндалатын болады», деді Шөкеев.
Abai.kz