Ол бұл жөнінде үкімет мүшелерімен өткізген видеоселекторлық жиналыс кезінде айтты.
"Менің тапсырмам бойынша су тасқынына байланысты құқық қорғау органдары тергеу ісін бастады. Барлық кінәлілер, ол кім болмасын заң алдында жауап береді", – деп ескертті өзбек президенті.
Мирзияевтің сөзінше, Сырдария обдысындағы су тасқыны өзбекстандықтар үшін ащы сабақ болды.
"Біз халықаралық сарапшыларды шақырып, бөгеттің құрылысын тексереміз. Сол кезде бәрі белгілі болады", – деді Шавкат Мирзияев.
1 мамырда таңға жуық Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасындағы бөгет бұзылып, 22 елдімекенді су алды. Ол жақтан 70 мың адам көшірілді. Кемінде төрт адам қайтыс болып, біреуі із-түссіз жоғалып кетті.
Су апатынан Қазақстан өңірі де зардап шекті. Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалды.
Abai.kz