Сенбі, 23 Қараша 2024
2645 2 пікір 11 Мамыр, 2020 сағат 14:20

Қырғызстан Ресейден газ бағасын қайта қарауды сұрады

Қырғызстан Ресейден табиғи газ бағасын қайта қарап шығуды өтінді. 11 мамырда Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев Ресей үкімет басшысының орынбасары Андрей Оверчукпен онлайн сөйлесіп, екі елдің қарым-қатынасын талқылап, газ бағасына да тоқталған.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Асрандиев "Коронавирустың кең тарауы, активтердің төмендеуі, ұлттық валюта бағасының түсуі халықтың сатып алу қабылетін азайтты. Осыған байланысты қырғыз тарабы табиғи газ бағасын қайта қарауды өтінеді" деген.

Ресей тарабы бұл ұсынысты қарауға уәде берген.

"Газпром Қырғызстан" компаниясы сәуір айында халық үшін бір текше метр бағасын 15,3 сомнан 17,6 сомға дейін қымбаттатты. Бизнес үшін (өнеркәсіп компаниялары, коммерациялық мекемелер және бюджеттік ұйымдар) бір текше метр бағасы 18,7 сомнан 21,3 сомға көтерген.

Бағаның өсуін АҚШ доллары ресми бағамының қымбаттауымен байланыстырған.

Бірақ қырғыз үкіметі "Газпром Қырғызстан" компаниясы мен қырғыз үкіметінің арасындағы келісімге сәйкес, көгілдір отын бағасы бұрынғы қалпында қалғанын хабарлаған. Бұл қарапайым газ қолданушылар мен қатар кәсіпорындарға да тиесілі екені айтылған.

Осыған дейін хабарланғандай, Ресей Қырғызстанға газды бір текше метрі үшін 220-230 долларға сатады, ал Өзбекстаннан 120-125 долларға сатып алады. Ал Тәжікстан Өзбекстаннан көгілдір отынды 120 долларға сатып алады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475