Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2432 0 пікір 25 Маусым, 2009 сағат 17:03

Жанар НҰРҒАЛИ. Азаматтар абақтыдан айыппұл беріп құтылатын болды.

Кеше Нүкісте Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сотында «шекара бұзды» деген айып тағылып, елден жырақ  кеткен 27 қазақтың ісі қаралды.  Ел елеңдеп құлақ түрді. Жағымды жаңалық күтті.

Кеше кешке қарай 27 қазақтың бірі Біржан Мәмбетовтың қарындасы хабарласып, қандастарымыздың сотталмайтындығын, елге қайтарылатындығын айтып, қуанышын жасыра алмады. «Үй-ішімізбен қуанып жатырмыз. Артынан нақтырақ хабарын айтайыншы» деген. Ал, Біржан Мәмбетовтың бауыры Нұрлан Мәмбетовке хабарласқанымызда ол әзірге ешқандай пікір білдірмейтіндігін мәлімдеді.

«Азаттық» партиясының Ақтөбедегі филиалының төрағасы Айдос Садықов жағымды жаңалықты жерде қалдырғысы келмей жаны ашып, елеңдеп отырған жұртпен ойын былай деп бөлісті.

- Кеше 23-і күні 27 бауырымыздың ісі Нүкісте сотта қаралды. Жақсы бір хабар естігенше елеңдеп күттік. Бұл бауырларымызға бірінші, шекарадан заңсыз өтті, екінші, ұрлық жасауға әрекет етті, үшінші, Өзбекстан Республикасының кеден заңын бұзды деген айыптар тағылған болатын. Мұндай айыптаулар үшін әрқайсысына кемінде 15 жыл кесілуі мүмкін деп айтылған еді. Бірақ кешегі сот үкімін естіп, жақсылықтан үміт етіп отырмыз. 27 қазақтың әрқайсысына өзбек сумасымен 600 сум, долларға шақсақ, 10 мың доллар көлемінде айыппұл салынған. Сонымен бірге, көлікке жұмсалған солярканың ақшасы қайтарылуы керек екен. «Камаз» жүк көліктері кәмпескіленген. Үкім он күннің ішінде күшіне енетін көрінеді.

Біздің елден   консул мен елшіліктің бірінші хатшысы барыпты. 27 қазақтың бәрі қазіргі күні Өзбекстан Республикасының Жоғарғы сотының изоляторында отыр.

Қандастардың тағдырына алаңдап, жанашырлық танытып отырған азамат осылай дейді. 27 қазақтың бірінің бауырының айтуынша, олар бүгін-ертең елге кеп қалуы да мүмкін.  Олардың есен сау елге оралуына бізде бек қуаныштымыз. Бірақ «шекара бұзғандардың» басына үйріліп барып қайтқан бұлт өзгелерге сабақ болуы керек деп білеміз. Өйткені «абайламай» шекарадан өтіп кетудің ақыры көрші мемлекеттердің арасындағы қарым қатынасты қиындатып, тіпті қақтығыстарға да ұласып кетуі мүмкін. Еліміздің тыныштығын ойласақ, өзге елдердің де шекарасы мен ішкі тәртібін, заңын қадірлеуге тиіспіз.

Ақтөбе қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5400