Сенбі, 23 Қараша 2024
3686 2 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 15:53

Абзал Малбасканов: Дәрігерлердің көбі өз еркімен қалды

Қазақстанда коронавирус індеті алғаш 13-наурызда тіркелді. Сол күні ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Германиядан ұшып келген екі азаматтың вирус жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Содан бері вируспен ауырғандар саны артқан.

Coronavirus2020.kz сайтының бүгінгі дерегі бойынша елімізде індет жұқтырғандар саны 5279 адамға жеткен. 32 адам қайтыс болып, 2108 адам жазылып шыққан.

Дәрігерлер індетті жеңу үшін сайын аянбай тер төгіп келеді. Жалпы дәрігерлердің адам, қоғам өміріндегі орнын Президент те, Бірінші Президент те, «мен» деген небір саясаткер де, әнші-күйші-бишілер де, ақын-жазушылар да, бәрі-бәрі айтып-ақ жатыр.

Бір ғана Алматы қаласында коронавируспен күреске 7823 медицина қызметкері жұмылдырылған екен. Олардың қатарында  Алматы қаласы Фтизиопульмонология орталығының мамандары да бар. Орталық дәрігерлері алғаш індет ошағы болған Ухань қаласынан келген қазақ студенттеріне көмек көрсеткен.

Орталықтың хирург, фтизиопульмонолог маманы Абзал Малбаскановтың айтуынша, мұндағы мамандардың барлығы вмруспен күреске ерікті түрде қалған. Бұл туралы Алматы арнасының «Алматылық дәрігерлер коронавируспен бетпе-бет» атты деректі фильмінде айтылды.

;feature=youtu.be

Абзал Малбасканов, торакалды хирург, фтизиопульмонолог Алматы қаласының «Фтизиопульмонология орталығы» инфекциялық бөлімінің меңгерушісі:

- Қаңтар айының соңында сол кездегі Бас санитар Жандарбек Бекшин «Қытай деген іргемізде тұр. Індет бізге де жетеді. Дайындық жүргізейік» деп дабыл қаға бастады. Сосын, біздің мемлекет індеттің ошағы болған Ухань қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттерді эвакуациялаймыз деді. Біз де алдын-ала жиын болып сол жастарға көмек көрсетуге қалған еріктілердің бірі болдық. Ол жерде ешкім-ешкімді мәжбүрлеген жоқ. Дәрігерлердің көбі өз еркімен қалды. Сөйтіп, барлық дайындық жұмыстарын жүргіздік. Бізге инфекционист мамандар келіп көмектесті. 

Ақ халатты абзал жандардың мұндай еңбегін Мемлекет басшысы да жоғары бағалайтынын айтқан.

«Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды», - деп жазды Президент Twitter желісінде.

Ал, әлеуметтік желі қолданушылары дәрігерлерді қолдаған түрлі пікірлер жазып жатты. Абзал мырзаның айтуынша, желідегі жұрттың мұндай пікірлері дәрігерлерге үлкен қолдау болған.

Иә, коронавирус індеті ақ халатты абзал жандардың еңбегі өлшеусіз екенін дәлелдеп берді. Тек, олардың да отбасымен тезірек қауышуы үшін әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510