Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3423 0 пікір 12 Мамыр, 2020 сағат 15:58

Батыс Қазақстан облысында карантин шаралары жеңілдетілді

Төтенше жағдай шаралары алынғаннан кейін, батыс өңірінде блокпосттардың жартысы алынды. Ірі сауда орталықтары жұмыс істей бастады.

12 мамырда облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша, карантин шаралары біртіндеп алына бастады. Блокпосттар тек Оралда және Бөрілі ауданында (Ақсай қаласы) қалды.

Азық-түлік базарлары сағат 9-дан 16-ке дейін жұмыс істей бастады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен бизнес-орталықтары да ашылды.

Тұрғындарға жүріп-тұруға рұқсат берілді. Халыққа қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, саябақта, алаңда қыдыруға рұқсат берілді.

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаевтың айтуынша, карантин 25 мамырға дейін созылған. Кезең кезеңмен карантин шаралары алынды. Карантин облысқа 30 наурызда енгізілген.

Соңғы мәлімет бойынша, Батыс Қазақстан облысында коронавирус 255 адамнан анықталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1353
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2927
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1003
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 938