Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
46 - сөз 2952 1 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 12:10

Жеңіл өнеркәсіп тауарлары үшін 1 млрд доллар сыртқа шығады

Елімізде кешенді түрдегі экономикалық реформа қажет. Бүгінгі модель заманауи қажеттіліктерді қанағаттандыра алмайды.Елімізде мұнай, басқа шикізаттарсыз өмір сүруге қабілетті экономикалық жүйе қажет. "Голланд ауруын" біз жеңбесек, ол ауру бізді жеңеді.

Менің ойымша, бұл мәселені халық болып, өзіміз талқылауымыз керек.
Ұсыныстар мен ойымызбен бөлісіп отыру маңызды тәрізді. Қазірде, біздің экономикалық жүйені келесі бағыттар бойынша ұштау маңызды.

1) Жеңіл өнеркәсіпті дамыту. Біз ішкі киім мен аяқ киімге дейін шеттен тасимыз. Бұл тауарлар үшін 1- млрд доллар сыртқа шығады екен. Ішкі нарықты дамытуға қабілетті қыруар қаржы басқа мемлекеттің экономикасын дамытуға жұмыс істеп жатыр.

1.1) "Кіші заттар" ( сіріңке, ине, қайшы, жіп т.б.) өзімізде шығаруға қол жеткізу. ( бәрі шеттен келеді) ҰЯТ ЖАҒДАЙ.

2) Өнеркәсіпті дамытудың алғышарты Ғылыми зерттеу және тәжірибе- конструкторлық қызметті жолға қою. Ірі бизнесті осы салаға қаржы құюға ынталандыру. Бұл үшін Президент жанынан Ғылыми-Техникалық Кеңес құру өзекті. Сол құрылымда осы саланы дамытудың бағдарламасы іс- жүзіне асуы керек.

3) Ауыл шаруашылығын әртараптандыру. Халыққа а/ш айналысуға кең жол ашу. ( Аламын деушілерге жер телімдерін беру)

4) Квази-мемлекеттік саланы шұғыл қысқарту. Самрұқ-Қазынаның тиімсіз құрылымдарын жекеге беріп, тиімділігін арттыру.

5) Ешқандай қажеті жоқ қаржылық орталықтарды бюджеттен қаржыландыруды доғару. Астана қаржы орталығын тарату.

6) Халыққа мемлекеттің игілігіне қол жеткізуге талпыну. Еліміз меншік иелері мен акционерлердің Елі болуы керек.

7) Мұнай саласын либерализация жасау. Жеке меншік ( ұсақ) мұнай өңдеу зауыттарын салуға рұқсат беру.

Құрметті достар! Тағы қандай ұсыныстар болады? Бірге талқылайық!!!

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3351
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6229