Жексенбі, 20 Сәуір 2025
4813 3 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 16:03

Ресейден қайтып жатқан өзбек мигранттары қазақ шекарасынан өте алмай тұр

11 мамырда отанына қайтып жатқан жүздеген өзбек мигранты Ресейдің Орынбор облысындағы Қазақстанмен арадағы шекарадан өте алмай тұр. Олар Қазақстан арқылы Өзбекстанға транзит жолын ашуды сұрайды.

Қазақстан билігі көрші елдерде эпидемиологиялық жағдай тұрақталмайынша, шекараны ашудан бас тартып отыр.

Фаррух есімді өзбек мигрантының айтуынша, орыс-қазақ шекарасында тұрғандарына 10 күн болған.

– Бізге шекараны 11 мамырда ашады деп еді. Бірақ әлі ашпады. Мұнда 400-500 адам бармыз. Екі жолаушы автобусы тұр. Жолаушылардың бәрі өзбек азаматы. 100 шақты қырғыз көлігі тұр. Бәрі қазақ шекарасынан өте алмай тұр, – дейді сұқбат беруші.

7 мамырда қазақ билігі арнайы автобус пен дәрігерлердің еріп жүруімен 500 қырғыз азаматын өткізген.

11 мамырда Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ қалалар мен аймақтарда карантин жалғасып жатыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2052
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4912
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4110