Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
3270 0 пікір 16 Мамыр, 2020 сағат 15:42

Қырғызстанда интернет пен әлеуметтік желілерді бақылайтын заң жобасы әзірленді

Қырғыз парламентінің депутаты Гүлшат Асылбаева "Ақпаратты манипуляциялау жөніндегі" заң жобасын әзірлеп шықты. Құжат қоғамдық талқылауға шығарылды.

Заң жобасын әзірлеушінің айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңдар интернет кеңістігіндегі ақпараттарды құқықтық тұрғыдан реттей алмайды.

Гүлшат Асылбаеваның сөзінше, интернет желілерінде шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттарды жариялауға тыйым салынуы керек. Жалған ақпарат таратқан сайт иелері заң алдында жауап беруі тиіс.

Әзірленген заң жобасында егер жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтін болса, мемлекеттік тиісті орган сотқа дейін сайтқа шектеу қоя алады делінген. Егер сайт иесі ескертуді ескермесе, мемлекеттік орган сотқа жүгінеді.

Құжатта сонымен бірге провайдерлерді сот орындарына интернет қолданушы жайында мәлімет беруге міндеттеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730