Жұма, 16 Мамыр 2025
2977 0 пікір 18 Мамыр, 2020 сағат 19:00

Рамзан Кадыров шағымданған дәрігерлерді бірден жұмыстан босатуды талап етті

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыров Гудермес қаласында вирустан қорғану құралдарының жетіспейтінін айтып шағымданған дәрігерлерді бірден қызметінен алуға тапсырма берді. Бұл жөнінде ол үкімет отырысында айтты.

"Шағымданушыларды босату керек. Бізде бәрі жеткілікті – костюмдар, маскалар, оттегі, дәрі-дәрмек бар. Біз керісінше, басқа аймақтарға көмек бере аламыз", - деді Кадыров.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде тараған видеоларда коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жатқан дәрігерлердің қорғану құралдары жетпей жатқанына наразылық білдірген. Осыдан кейін аурухана бас дәрігері мен наразы болған медициналық қызметкерлер жұмыстан босатылған.

Мемлекеттік "Грозный" телеканалы Гудермес қаласындағы дәрігерлердің наразылығын "негізсіз байбалам" деп атаған. Келесі күні шағымданған дәрігерлердің кешірім сұраған видеосы тарады. Бұдан бөлек бір дәрігердің індеттен қайтыс болғаны жалған деді.

Әлеуметтік желі қолданушылары медициналық қызметкерлерді мәжбүрлеген деп жазады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2663
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4337