Сенбі, 23 Қараша 2024
2405 0 пікір 19 Мамыр, 2020 сағат 11:04

ДДСҰ-ның коронавирус індетіне арналған конференциясы өтіп жатыр

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясы төңірегіндегі жағдайды талқылауға арналған екі күндік конференциясы дүйсенбі күні басталды. Форум виртуал форматта өтіп жатыр.

Халықаралық сарапшылар әлем елдерін БҰҰ-ның пандемияны тоқтатуға арналған кеңестерін тыңдауға шақырды.

Ресми мәлімет бойынша, SARS-CoV-2 коронавирусы дүниежүзінде 4 миллионнан астам адамға жұғып үлгерді, 315 мыңнан астам адам осы індеттен көз жұмды.

Еуропа одағы мен Австралия әлем елдеріне тараған жаңа індеттің қайдан шыққанын тексеруді талап етіп отыр. Ұсынысты әлемнің 122 елі қолдады, олардың арасында Ұлыбритания мен Ресей бар.

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттериш пандемияны заманымыздың ең күрделі мәселесі деп атап, пандемияны тоқтататын тиімді әдіс әлі табылмағанын мәлімдеді. Гуттериштің айтуынша, әр ел вирусты тоқтатутың түрлі әдісін сынап көріп жатыр. Оның пікірінше, "адамзат баласы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңестерін тыңдамадың салдарын тартып отыр".

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475