Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3405 4 пікір 29 Мамыр, 2020 сағат 15:35

1 маусымнан бастап барлық блок-бекеттер алынады

1 маусымнан бастап Республика аумағындағы барлық блок-бекеттер алынады. Бұл туралы ҚР ИИДМ, Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

«Ведомствоаралық комиссияның 1 маусымнан қалалар арасында блокпостарды алып тастау шешіміне сәйкес, 5 маусымнан тасымалдау шараларын жандандыру бойынша жұмыстар іске асырылады», - деді Тайжанов.

Жалпы ел аумағында 313 Халықаралық бағыт жұмыс жасайды екен. Жолаушыларды автобуспен тасымалдау ҚР Бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 10 мамырдағы талаптарын ескере отырып, тиісті алгоритм бойынша жасалады.

Ол бойынша: жолаушыларды 1 метр қашықтықта отырғызу, соңғы аялдамада көліктерді дезинфекциялау, жолаушыларды бетпердемен отырғызу, жүргізушілерді қолғаптар, бетперделермен толық қамтамасыз ету т.б. міндеттеледі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270