Жұма, 29 Наурыз 2024
Алаш арысы 4044 12 пікір 30 Мамыр, 2020 сағат 11:55

Ақжар ауданына Смағұлдың есімі берілуі керек!

2020 жылдың 29 мамырында, Петропавл қаласында, Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен  көрнекті мемлекет және қоғам кайраткері Смағұл Сәдуақасовтың 120-жылдығына арналған «Алаштың ардақты ұлы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Елдегі дағдарысты жағдайда бұл ғылыми пікір алысу бейнеконференция түрінде өткізілді.

Халықаралық конференцияға елміздің белгілі тарихшы, әдебиетші, тілші ғалымдары, қоғам және мемлекет қайраткерлері, мұғалімдер, баспасөз және өнер өкілдері  қатысты. Онлайн байланыс жүйесінің мүмкіндігіне қарай конференцияның жұмысын Петропавл қаласындағы арнайы және жалпы орта білім беретін оқу орындары, қаладағы және Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Семей қалаларындағы жоғары оқу орындары мен ғылыми, мәдени-ағарту  мекемелердің ықылас білдірген өкілдері назарда ұстады.

Конференцияда баяндамаларын ортаға салған қатысушылар Смағұл Сәдуақасұлының өмірі мен қызметіне жан-жақты тоқталып, оның қоғамдық-саяси, ұйымдастырушылық, мәдени-ағартушылық қызметін саралады.

Ғалымдар мен зерттеушілер Смағұл Сәдуақасовтың тарихи тұлғасы, жеке бас мүддесін ұлт бақыты мен бостандығына арнаған жеке басының қайраткерлік өнегесі мен әдеби мұрасы Қазақстан жастарын адамгершілік асыл қасиеттерге,  отаншылдыққа тәрбиелеуге қажет қымбат қазына деген ортақ пікірге келді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Үкіметі, қоғамдық ұйымдар Смағұл Сәдуақасұлының есімін ұлттық құндылық деңгейінде құрмет тұтуға қажетті алғышарттар жасауға тиіс екендігін атап көрсетіп, мына шараларды жүзеге асыруды ұсынды:

1. Смағұл Сәдуақасұлының есімін өзінің туып-өскен Ақжар ауданына беру туралы мәселе көтеру;

2. Қазақстан Үкіметі арқылы Өзбекстан республикасының Үкіметіне Смағұл Сәдуақасұлының есімін Ташкент қаласында, Ресей федерациясы Үкіметіне Омбы қаласында мәңгі есте қалдыру жөнінде мәселе қозғау;

3. Смағұл Сәдуақасұлы еңбек еткен Алматы, Петропавл қалаларында және мемлекетіміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында ескерткіш қою;

4. Нұр-Сұлтан қаласында, өзі жұмыс істеген Алматы қаласы мен облыс орталықтарында Смағұл Сәдуақасұлы есімін көшелерге, мектептерге, мәдени-ағарту мекемелеріне беру;

5. Жоғары және арнайы орта оқу орындарында Смағұл Сәдуақасұлы атындағы дәрісханалар ашу, қайраткердің атында спорт және денешынықтыру шараларын өткізу, студенттерге атаулы шәкіртақы тағайындау; «Смағұл оқуларын» ұйымдастыру қолға алу;

6. Смағұл Сәдуақасұлы мүрдесінің күлі Еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіліп, қазақша жерленген күнді, туған күні еліміздің Тәуелсіздік Алаш жастарының күні есебінде де белгіленіп, атап өтілсе;

7. Смағұлдың әдеби шығармалары бойынша кинофильмдер түсіру, спектакльдер дайындап қою жағына назар аударылса.

Бұл ұсыныстарды конференцияға қатысушылар бірауыздан қолдап, дауыс беріп, қабылдады.

Зарқын Тайшыбай

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3563