Сенбі, 23 Қараша 2024
3236 1 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 12:51

Аймағамбетов: «Мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады»

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагогтарды артық шаруадан босату жұмыстары туралы айтты.

«Педагог жұмысының сапасы оқушылардың білім сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан, педагог артық шаруамен айналыспауы керек. Балалардың білімі мен тәрбиесіне жұмыс істейтінін түсінуі керек. Сондықтан, біз әрі қарай педагог мәртебесін көтеруді, әріптестерімізді қолдау мен дамыту үшін жағдай жасауды жалғастырамыз», - деді министр әлеуеметтік желі арқылы есеп беру барысында.

Оның айтуынша, мұғалім жүктемесін азайту үшін құжаттар саны да қысқартылған.

«Енді мұғалімдер күніне екі құжатты ғана толтырады. Бұл жұмыстарды қайтадан қарастырып жатырмыз. Бұл тек мектеп мұғалімдеріне емес, мектепке дейінгі ұйымдардың, колледж, жоғары және жоғарғы білімнен кейінгі ұйымдардың педагогтарына қатысты. Педагог тікелей өз функцияларымен ғана айналысуы керек. Тексерушілерге есеп беру сынды мәселелерді қайта қарап, шектеулерді алып тастадық», - деді А. Аймағамбетов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351