Сенбі, 23 Қараша 2024
4067 13 пікір 4 Маусым, 2020 сағат 14:23

Тоқаевқа соғыс жағдайында қосымша өкілеттіктер беріледі

Президентке соғыс жағдайында қосымша өкілеттіктер беріледі, - деп хабарлайды Аzattyq-ruhy сайты.

Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Отырыста ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов баяндама жасап, соғыс жағдайында Президентке қосымша өкілеттіктер беру бастамасын ұсынды.

«Заң жобасының мақсаты –мемлекетті заманауи қауіп-қатерлер мен сын-қатерлер жағдайында қорғанысқа дайындау мәселелері жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру. Заң жобасымен жұмыс барысында жоғары білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында студенттерді запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша даярлау, олардың әскери ант қабылдауы мәселелеріне қатысты түзетулер бар», - деді Мұрат Бектанов.

Сенаторлар Қазақстан Қарулы күштері құрамы әлемде болып жатқан өзгерістерге бейімделіп қана қоймай, олардың алдын алуға дайын болу бағытында жұмыс істеу керек екенін атап өтті.

Заң жобасының басты жаңалығы:

1. Өңірлерде қорғаныс кеңестерін құру - бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырады.

2. Жоғары оқу орындарында ақылы негізде запастағы сержанттарды даярлау - бұл жұмылдыру резервін нығайту қажеттілігінен туындап отыр.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік органдардың әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз етудегі жұмысын ұйымдастыруға, мемлекеттік органдар мен жекелеген аумақтарды соғыс жағдайы мен соғыс уақыты режиміне тез арада көшіруді қамтамасыз етуге, олардың жұмысын жедел ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

«Әскери резервті толықтыру мақсатында әскери кафедрада ақылы негізде запастағы сержантты даярлау ұсынылады. Білім туралы заңға, Жоғарғы білім беру ұйымына осы бағдарлама бойынша ақылы негізде запастағы сержантты даярлау уәкілеттілігін беру туралы толықтыру ұсынылады», - деді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354