Жұма, 2 Қазан 2026
4783 1 пікір 5 Маусым, 2020 сағат 12:09

Әйелдерді ұрып-соғуды қолдаған оқытушы жұмыстан шығарылды

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әйелдерді ұрып-соғу туралы атышулы пікір жазған оқытушыны жұмыстан шығарды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен әйелдерді ұру керектігін жазып, өзін исламист, ұлтшыл, жидофоб деп атаған. Кейінірек оның Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы екені анықталды.

«Университет Е. Сүлейменовке қатысты тексеру жұмыстарын қорытындылады. Этика жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпыадамзаттық әдеп нормаларына сай келмейді деп бағалады. Аталған комиссия ұсынымымен Е. Сүлейменовпен еңбек келісімшартын бұзу туралы ректор бұйрығы шықты», - деп жазды ЕҰУ баспасөз қызметі.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 481
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 722