Сенбі, 23 Қараша 2024
5382 1 пікір 6 Маусым, 2020 сағат 12:47

Акцизден бас тартқан Өзбекстанда шетел автокөлігі кем дегенде 2400 доллар арзандайды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 3 маусымда ішкі автокөлік нарығын дамыту туралы қаулыға қол қойды. Бұл туралы республиканың әділет министрлігі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, биыл 1 тамыздан бастап автокөліктерге акциз салығы жойылады.

Қазір республикада жеңіл автокөлік импортына 30 пайыздық акциз салығы алынып жүр. Ресейде, Қазақстанда және Украинада шығарылған жаңа автокөліктердің акциз салығы 2 пайыз деп белгіленген. Өзбекстанмен еркін сауда аймағы туралы келісімге отырған елдердің автокөліктеріне жеңілдік қарастырылған.

Қазір Өзбекстанға шетелден автокөлік әкелу үшін қосылған құн салығын, (15%), кеден және акциз салықтарын төлеу керек.

Autostrada сайтының мәліметі бойынша, акциз салығы жойылған соң, Өзбекстанға шетелден әкелінетін автокөлік бағасы кем дегенде 2400 доллар арзандайды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377