Сенбі, 23 Қараша 2024
4559 6 пікір 6 Маусым, 2020 сағат 12:52

Лукашенко Әндіжанды еске салып, ал Рахмонның пулеметпен Душанбеге кіргенін айтты

4 маусымда Беларусь президенті Александр Лукашенко үкімет отырысы кезінде "Беларусьтің ең үлкен жеткен жетістігі - бейбітшілік пен тұрақтылық, бірақ кейбіреулер мұны да ұмытып кетіп жатады" деп мәлімдеді. Бұл жайында Беларусь президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Лукашенко Беларусь - постсоветтік елдердің ішінде қасіретті көрмеген жалғыз мемлекет деген.

«Біздің кейбір азаматтар жарты территориясынан айырылып, соғыс жүріп жатқан Украина өте алыс ел деп ойлайды. Екіге бөлінген Молдованы да бізден шалғайда деп ойлайды. Горбачев кезінде тәуелсіздікті талап еткен үшін Литвада да соғыс жүрді. Кавказда жер үшін армяндар мен әзербайжандықтардың әлі соғысып жатқанын ұмытып қалдық. Грузия жерінің үштен бір бөлігінен, бірінші Абхазиядан, сосын Оңтүстік Осетиядан айырылды. Менің досым Рахмонның тәртіп жүргізіп, сақалдылармен күресу үшін Тәжікстан астанасы Душанбеде пулеметпен жүргенін ешкім білмейді. Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримов Әндіжанда мыңдаған адамды өлтіріп, халықты басты. Бәрі оны сынады, бірақ өлген кезде, бәрі жылады. Біз бұның бірін де бастан өткермедік. Кейбірі мұны түсінгісі келмейді", - деді Александр Лукашенко.

Кезекті президент сайлауына екі ай қалғанда Александр Лукашенко үкіметті оставкаға жіберді.

Беларусьте президент сайлауы 9 тамызда өтеді. Александр Лукашенко алтыншы рет сайлауға түскелі отыр.

4 маусымда Лукашенко елде тұрақсыздықты көздейді деп өзінің қарсыластарын сынады.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377