Сенбі, 23 Қараша 2024
3894 5 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 12:27

Алматыда крематорий салынбақ

Алматының Алатау ауданында өліктерді өртейтін крематорий салынады. Қазір қала әкімдігі крематорий құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тендер жариялаған. Бұл туралы informburo.kz сайты жазыпты. 

Техникалық шарттарға сәйкес, крематорий екі пештен және бір залдан тұрады. Ал, жобаның сметалық құжатын дайындауға 46,8 млн. теңге бөлініпті.

Крематорий Алатау ауданындағы жаңа мәйітхана ғимаратының жанында салынбақ көрінеді. Барлық жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Қазақстанда крематорий салу туралы қызу талқы 1987 жылдан бері жалғасып келеді.

2011 жылы арнайы жерлеу қызметтері комбинаты ЖШС крематорий жобасын жасап, құрылысты бастауға дайын шетелдік компаниялармен келіссөздер жүргізді. Бірақ жоба тоқтап қалған..

Бұған дейін кейбір қазақстандықтар Мәскеу, Челябинск, Барнаул және Новосибирск қалаларындағы кремацияға жүгініп келген көрінеді. Олардың қызметі  30-100 мың теңге аралығында болған екен.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377