Сенбі, 17 Мамыр 2025
3762 2 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 14:05

Бішкекте Алмазбек Атамбаевқа қарсы митинг өтіп жатыр

Бішкектегі 1-май аудандық соты ғимаратының алдында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа қарсы митинг өтті. Бұл сотта Қой-Таш оқиғасына қатысты іс қаралуы керек болған.

Акцияға қатысушылар "Атамбаевты жақтастарымыз бірге отырғыз" деген талап қойды. Олар Атамбаев билік басында отырғанда Қырғызстан алған қарызды қайтаруы тиіс деп есептейді. Дәл осы топ 1 маусымда да митинг өткізген.

Сот ғимаратында Қой-Таш оқғасына қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың туыстары отырды. Олар айыпталушыларға психологиялық қысым көрсету үшін митингті әдейі ұйымдастырған дейді.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев 2019 жылы 8 тамызда ұсталды. Қой-Таш ауылында екі күнге созылған арнайы операция кезінде бір офицер қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланды.

Қылмыстық істегі 19 айыпталушының бесеуінің ісі бөлек қаралады. Олар тергеуге көмектесуге келіскен.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2697
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4421