Сенбі, 23 Қараша 2024
2523 2 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 12:11

Досаев теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев баяндама жасап, теңгенің нығая түсу себебін түсіндірді.

«Биыл мамырда ішкі валюта нарығы сыртқы және ішкі факторлардың оң әсерінен дамыды. Мұнай бағасының өсімі Қазақстанның сауда әріптестері елдерінің валюталарына қолайлы әсер етті. Ресей рублі мамырда бір АҚШ доллары үшін 70,14 рубльге дейін 5,7%-ға, еуро – бір еуро үшін 1,11 АҚШ долларына дейін 1,3%-ға нығайды», - деді Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Оның айтуынша республикалық бюджетке кепілдендірілген трансфертті бөлу мақсатымен Ұлттық қордан валютаны жоспарлы сату ұлттық валютаға қосымша қолдау көрсеткен.

«Өткен айда квазимемлекеттік сектордың компаниялары экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөнінде қабылданған шаралары жалғасты. Мамырда квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сату көлемі бір айда 156 млн АҚШ долларын құрады. Мұнайдың әлемдік бағасының өсуі ішкі қолайлы факторлармен қатар теңгенің айырбастау бағамының мамырдағы бір АҚШ доллары үшін 424,57 теңгеден 411,55 теңгеге дейін 3,1%-ке нығаюына ықпал етті. 8 маусымдағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша орташа бағам бір АҚШ доллары үшін 397,27 теңге деңгейінде қалыптасты», - деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413