Қырғызстанның дипломатиялық мекемесі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар шекарадағы "Ақ тілек - Қарасу және Чон-Капка -Айша бибі" өткізу бекеттеріндегі жағдайды реттеуге келіскен. Қырғызстан тарабы Қазақстанды ЕАЭҚ талаптарын орындауға шақырған.
4 маусымда Қырғызстанның вице-премьер-министрі Эркин Асрандиев қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай Еуразиялық одақ талаптарына қайшы келеді деп мәлімдеген. Қазақстан тарабының жіті тексеруі салдарынан, шекарада жүк көліктері кептеліп қалған.
Abai.kz