Сенбі, 23 Қараша 2024
2337 3 пікір 9 Маусым, 2020 сағат 14:49

Гаагада малайзиялық "Боинг" апатына қатысты сот қайта жалғасты

2014 жылы 17 шілдеде Донбаста атып түсірілген малайзиялық "Боинг" ұшағына қатысты сот отырысы бүгін Нидерландта қайта жалғасады. Тергеу жолаушы ұшағын Украина аймағынан ресейлік "Бук" қаруымен атып түсірген деген қорытынды жасаған.

Ресейдің үш азаматы мен Украинаның бір азаматына айып тағылған. Бірақ олардың ешқайсы сотқа келген жоқ.

Гаагадағы сот наурызда басталды. Сот отырысын видеотаралымнан көруге болады.

Олег Пулатовтың адвокаттары сотта үзіліс сұрайтынын мәлімдеді, өйткені қорғаушылар коронавирус пандемиясы кезінде Ресейге барып, қорғауындағы азаматпен сөйлесіп үлгермеген.

"Боинг" ұшағының апатынан 298 адам қаза тапты. Олардың дені - Нидерланд азаматы.

Ресей билігі апатқа қатысы жоғын бірнеше мәрте мәлімдеген.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413