Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
9869 15 пікір 10 Маусым, 2020 сағат 18:48

Қырғызстан Кеден одағынан шығуға дайындалып жатыр

Қырғызстан Кеден одағынан шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі парламенттік комитеттің отырысында экономика министрі Санжар Мұқанбетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Қырғызстан барлық мәселелерді ЕАЭО аясында шешпек.

«Бүгін ЕАЭО-да шекарадағы проблемалар бойынша кеңес өтеді. Біз қазір ережелерді сақтаймыз. Бізде әсер етудің соңғы механизмі бар - министрлерімізді алып тастау. Сонда кворум болмайды және ешқандай шешім қабылданбайды», - деді Санжар Мұқанбетов.

Соңғы отырыста комитет қырғыз-қазақ шекарасындағы проблемаларға байланысты ЕАЭО-ның барлық мәселелерін күн тәртібінен алып тастағанын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айының аяғынан бастап Қазақстан қырғыз-қазақ шекарасындағы бақылауды күшейтті. Нәтижесінде, бірнеше күн ішінде Қырғызстаннан ЕАЭО нарығына тауарлар жіберілетін 300-ден астам ауыр жүк машиналары жиналған.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1419
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2993
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1067
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 999