Жұма, 17 Мамыр 2024
Коронавирус 2380 4 пікір 15 Маусым, 2020 сағат 13:21

Біртановпен бірге жүргендер оқшауланып жатыр

Олар оқшауланғандар. Асқар Мамин, Асхат Аймағамбетов, Сапархан Омаров, Нұрлан Ермекбаев, Бердібек Сапарбаев...

Кеше Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов індет жұқтырғанын айтты. Өзі айтты. Фейсбуктегі ресми парақшасында.

«Достар, өкінішке қарай соңғы рет коронавирусқа тапсырған тестім оң нәтиже көрсетті. Бұл симптомсыз емес, сондықтан инфекциялық ауруханаға жатқызылдым», - деп жазды министр.

Біртанов мырза соның алдында ғана Үкімет басшысы Асқар Маминмен бірге Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған көрінеді. Үкімет басшысы 12 маусым күні Жамбыл облысында вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берген болатын.

Аталған іс-шара кезінде премьер-министрдің қасында коронавирус жұқтырған Біртановтан бөлек, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болған.

Жұмыс сапары кезінде Біртановтың респираторлық маскамен жүргеніне қарамастан, жоғарыда аты аталған шенділер коронавирусқа тест тапсырыпты. Үш мәрте. Үш жолы да вирус анықталмапты. Сөйтсе де, шенділер оқшаулануды жөн санапты.

Асқар Мамин – ҚР Премьер-министрі

«12 маусымда премьер-министр Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына іс-сапармен барған. Біртановтың covid-19-ға байланысты тапсырған тестіның қорытындысы шықты. Осыған байланысты Үкімет басшысы Асқар Мамин де тест тапсырды. Асқар Мамин қазір оқшауланған режимде, видео байланыс арқылы жұмыс істеп жатыр», - депті премьер-министрдің баспасөз хатшысы Зарина Нұрланова.

Асхат Аймағамбетов – ҚР Білім және ғылым министрі

«Білім және ғылым министрі COVID-19-ды анықтауға тест тапсырды. Нәтижесі теріс болып шықты. Асхат Қанатұлының жағдайы жақсы. Ереже бойынша, оқшауланып, қашықтан жұмыс істейді. Сондай-ақ, хаттамаға сәйкес белгілі бір уақыт өткен соң ол қайтадан тест тапсырады», - дейді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Сапархан Омаров – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі

«Нәтижесі теріс болып шықты. Алайда коронавирус инфекциясының диагностикасы және емдеу хаттамасына сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы белгілі бір уақыт бойы қайта тест тапсыру керек. Ал қазір қауіпсіздік сақтап, оқшауланды», - дейді АШМ баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан.

Нұрлан Ермекбаев – ҚР Қорғаныс министрі

Ал ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев 11 маусымнан бастап оқшауланып жұмыс істеп жатыр екен. Бұл туралы министрліктің баспасөз хатшысы хабарлаған. Бірақ, Мәскеудегі Жеңістің 75 жылдығына арналған шараларға барады екен.

«Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті. Мерекелік іс-шараларға ҚР Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі Сергей Шойгудың шақыртуымен барады. Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданды», - делінген ресми хабарламада.

Бердібек Сапарбаев – Жамбыл обылысының әкімі

Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаев та вирусқа байланысты тест тапсырған. Оның де қорытындысы оң болыпты. Вирус анықталмаған. Бірақ, әкім өзін-өзі оқшаулапты. Видео байланыс режимінде жұмыс жасап жатыр екен.

«Осы сапар алдында және сапардан кейін облыс әкімі тестілеуден өтті. Екеуінің де нәтижесі - теріс. Енді әкім қазір оқшаулануда, барлық іс-шаралар онлайн режимінде өтеді», - депті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Елжан Біртанов коронавирус жұққан алғашқы шенеунік емес. Бұған дейін мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы, бұрынғы денсаулық вице-министрі Камалжан Надыровтан коронавирус табылған еді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636